Жаңалықтар

Баян Есентаеваның өмірлік ұстанымдары

Мен ез емеспін
Баян Есентаеваның өмірлік ұстанымдары
06.06.2017 09:31 12708

Қазақстандағы ең танымал продюсерлердің бірі Баян Есентаева артық таныстыруды қажет етпейді. El.kz редакциясы Баян Мақсатқызының осы күнге дейін берген сұхбаттарын сүзгіден өткізіп, қанатты сөздерін назарларыңызға ұсынады. 

 

  • Мен жеті жыл бойы журналист болып қызмет еттім.

 

  • Кино әлеміне бір рет бас сұққан адам өмір бойы түсіру алаңын аңсап тұрады.

 

  • Қартаймаудың бірден-бір құпиясы – әйелдің ішкі жан дүниесінің сергектігіне байланыс­ты. Мысалы, мен өзімді өз жасымнан әлдеқайда жас сезінемін. Ешкімге жамандық ойла­маймын, көреалмаушылық пен өзге арам пиғылдан адамын әрі үнемі кү­ліп жүремін. Тамақтың пайдалысын тұтынамын, суды көп ішемін.

 

  • Біздің елде сүйісуге, бір-біріміздің қолымыздан ұстауға болмайды. Біздің елде балалар желден немесе шынайы сөзден пайда болады. Балалар үйіне барсаңыздар, топырлап жүрген қазақ балаларын көресіздер. Шындық осы.

 

  • Маған Еуропа немесе Америкаға барып, жайлы мекен іздеп қажеті жоқ. Туған елімде тұрғаннан артық бақыт жоқ. Жұмыс жасаймын деген адамға елімізде жағдай жасалып жатқаны үшін Елбасымызға алғысымызды айтуымыз керек.

 

  • Мені қуантатыны қазақ қыздарының көкірегі ояу, жаны таза. Мінез бар, жігер бар, тектілік бар.

 

  • Мен ұзақ уақыт тегін жұмыс істедім.

 

  • Егер өмірімді өзгертуге мүмкіндік болса, еңбек жолымның басында Англия немесе Америкаға кетіп қалар едім.Ол жақта терең білім алуға мүмкіндік бар.  

 

  • Мен өнердің қай-қайсысын болмасын өте жоғары бағалаймын. Өнер, ең алдымен үлкен еңбек. Ал еңбекті құрметтеу керек.

 

  • Ең алдымен адам өз ісіне ғашық болуы керек. Мен кез келген істі үлкен ынтамен жасауға тырысамын. Жүрдім - бардым атқарылған шаруа бірден көзге көрініп тұрады.

 

  • Instagram және Twitter әлеуметтік желісіне тіркелген уақытта, Қазақстан бойынша ең көп жазылушысы бар адамға айналамын деп ойлаған жоқпын. Таныстарым кеңес берген соң тіркеле салдым.

 

  • Мен қазақ басылымдарын жиі оқимын, дауыстап оқимын. Осылайша тіл үйренуге тырысып жүрмін.

 

  • Менің қазақшам жүз пайыз болмаса да, болмысым жүз пайыз қазаққа тиесілі дер едім.

 

  • Мен ез емеспін. Дер кезінде шешім қабылдай білемін.

 

  • Талап пен талпыныс болса, уақыт та сенің пайдаңа жұмыс істейді.

 

  • Екі қызым да қазақ мектебінде оқиды.

 

  • «Ұяда не көрсең, ұшқанда соны ілесің» дейді ғой, менің ұстанымым осы.

 

  • Бүгінде неліктен жұрт танымайтын, тіпті өзінің не сөйлеп жатқанын түсінбейтін жүргізушілер көп? Өйткені оларда негіз жоқ.  

 

  • Мен бала кезден-ақ айтқа­нымнан қайтпайтын бірбеткей бол­дым. Көптің бірі болмай, ерек­шеленіп жүргенді қалайды екенмін. Бұл қасиет атамның қанымен, анамның сүтімен дарыған, сірә.

 

  • Бір мамандықты игердің бе, әрі қарай қозғалу қажет.

 

  • Өмірде анадан асыл не бар?! Әйел әлемге өмір сыйлайды. Демек, әйелдер қандай да болмасын марапат пен құрметке лайық.

 

  • Мен не істеу керек екенін сеземін. Бұл менің жан-дүниемнің сенімділігі. Мұны ешқандай институтта үйретпейді.

 

  • Армандаңыздар, арман адастырмайды, олар міндетті түрде орындалады.
Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға