Жаңалықтар

«Азаматтардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету – басты міндет»

Нұр-Сұлтан қаласы әуежайындағы Желілік полиция бөлімінің қызметі
«Азаматтардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету – басты міндет»
03.12.2020 16:49 4777

Ішкі істер органдарындағы халықпен етене жақын жұмыс істейтін сала қызметкерлерінің бірі – көлік полицейлері. Олар еліміздің әуе және теміржол нысандарындағы қауіпсіздікті қамтамасыз етеді. Нұр-Сұлтан қаласы әуежайындағы Желілік полиция бөлімінің қызметі туралы толығырақ таныс болу үшін Көліктегі ПД Нұр-Сұлтан қаласы әуежайындағы Желілік полиция бөлімінің бастығының бірінші орынбасары Cаян Омаровпен сұхбаттасқан болатынбыз.

«Азаматтардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету – басты міндет»

Нұр-Сұлтан қаласы әуежайындағы ЖПб жеке құрамы тәуліктік жасаққа түсіп, қоғамдық қауіпсіздікті қамтамасыз ету, құқық бұзушылықтың алын-алу және тәртіпті сақтау жолында өз қызметтік міндеттерін адал атқарып келеді.

– Әуежай – стратегиялық обьект болып саналады. Тек қана әуежайдағы Желілік полиция бөлімінің қызметкерлері ғана емес, жалпы барлық ішкі істер органдарының айнасы деуге болады. Өйткені сан түрлі мемлекеттерден ұшып келген жолаушылар ең бірінші кезекте полиция қызметкерлерін сынға алып, Қазақстандық полиция қызметі туралы пікір қалыптастырады, – деп әңгімесін бастады полиция майоры Саян Омаров.

«Азаматтардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету – басты міндет»

 (Суретте: Нұр-Сұлтан қаласы әуежайындағы Желілік полиция бөлімі бастығының бірінші орынбасары Cаян Омаров) 

Нұр-Сұлтан қаласы әуежайындағы Желілік полиция бөлімінің бастығының бірінші орынбасары Cаян Омаров ішкі істер органдарында жиырма бір жылдан астам уақыттан бері қызмет етеді. Көлік полицейі алғашқы қызмет жолын Қарағанды облысы Ағадыр кентінде бастаған. Одан кейін Нұр-Сұлтан қаласындағы теміржол вокзалында кезекші инспектор, әуежайдағы Желілік полиция бөлімінде Әкімшілік және Көші-қон бөлімшелерін басқарған.

«Азаматтардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету – басты міндет»

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың биылғы жылы 1 қыркүйекте Қазақстан халқына «Жаңа жағдайдағы Қазақстан: іс-қимыл кезеңі» атты жолдауын жолдаған болатын. Онда азаматтарымыздың лайықты өмір сүруіне жағдай жасауға, олардың құқықтарын қорғауға, заң үстемдігін қамтамасыз етуге, жемқорлыққа қарсы күресуге міндеттіміз делінген. Құқық қорғау органдары қызметкерлерін жұртпен ашық әңгіме жүргізу керек. Әділетті мемлекет азаматтардың мүддесін қорғау жолында деп жолдаудың 8 бағытында полиция қызметкерлеріне біршама міндеттемелер жүктеді. Сондай-ақ 2020 жыл еліміз үшін сынаққа толы ауыр жылдардың бірі болғаны анық. Жыл басынан, қайғылы оқиғалар белең алды. Әсіресе, әлемде короновирус пандемиясының өршіп кетуіне байланысты елімізде төтенше жағдайдың енгізілуі полиция және медицина қызметкерлеріне үлкен міндет жүктелді,– дейді полиция майоры.

«Азаматтардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету – басты міндет»

Расында Көліктегі полиция қызметкерлері әуежай аймағында демалыссыз қызмет атқарды. Пандемия кезінде де шет елде қалған азаматтарымызды ұшақпен әкелгендердің қатарында да полиция қызметкерлері болды.

«Азаматтардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету – басты міндет»

Біз жолаушылардың әлеуметтік арақашықтықты және маскалық режимді сақтауын қадағаладық. Қатаң карантиндік шараларға қарамастан жолаушылар маскалық режимге бағынбай қарсылық көрсетіп, полиция және санитарлық дәрігерлерге наразылықтарын да білдірді. Осындай қиын-қыстау кезеңде ЖПб қызметкерлері өздеріне жүктелген тапсырманы аса жауапкершілік танытып, абыроймен алып шықты,–дейді тәртіп сақшысы.

«Азаматтардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету – басты міндет»

Қоғамдық қауіпсіздікті қамтамасыз ету, қылмыстың алдын-алу мақсатында 2020 жылдың басынан Нұр-Сұлтан қаласы әуежайындағы ЖПб де «Браконер-2020», «Контрафакт», «Мигрант», «Розыск», «СТОП-трафик», «Таза Қазақстан», «Бағалы тастардың, түрлі-түсті және қара металдардың, олардың сынықтары мен қалдықтарының заңсыз айналымына қарсы күрес», «Anti-Fraud», «Құқықтық тәртіп», «Транзит» жедел профилактикалық іс-шаралары өткізіліпті.

«Азаматтардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету – басты міндет»

– Күнделікте ішкі рейспен 9040 жолаушы, халықаралық рейспен 1291 жолаушылар ұшып келіп, ұшып кетуде. Сонымен, 2020 жылдың басынан Нұр-Сұлтан қаласы әуежайындағы ЖПб-нің кезекші бөліміне 344 құқық бұзушылық бойынша мәліметтер тіркелді. ҚР Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодексінің 204 бабы бойынша белгіленбеген орындарда саудамен айналысу – 1, ұсақ бұзақылық – 46, қоғамдық орындарды ластау – 54, Алкогольдік ішімдіктерді ішу немесе қоғамдық орындарға масаң күйде келу –71, қоғамдық орында темекі шеккені үшін – 64 және кәмелетке толмағандардың өкілдерінің еріп жүруінсіз түнгі уақытта тұрғын жайдан тыс болуы бойынша 38 жағдай тіркелді. Сонымен қатар қоғамдық орындарда тиісу- 74 және ҚР ӘҚБтК-нің басқа баптары бойынша – 67 әкімшілік хаттама толтырылды. Оның ішінде 79-ы сотқа жолданып, 55 азаматқа ескерту жасалынып, 209-на айыппұл салынды.

«Азаматтардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету – басты міндет»

Полиция майоры осы жылдың 3 қазанында 1977 жылы туған ер азаматты әкімшілік кодекстің үш бірдей бабымен, атап айтқанда, әуе кемесінде электронды темекіні тұтыну, алкогольді ішімдікті ішу және ұсақ бұзақылық жасағаны үшін жауапкершілікке тартылғандығы жөнінде мәлімдеді. Құқық бұзушыға 55 АЕК мөлшерінде айыппұл салынған.

«Азаматтардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету – басты міндет»

Сонымен бірге Нұр-Сұлтан әуежайындағы Т1 терминалында орналасқан көші-қон полициясының қызметкерлері халықаралық рейспен ұшып келген жолаушыларға келіп-кету визасын беріп жатыр.

– 2020 жылғы 1 қыркүйектегі ҚР ІІМ-нің №611 және ҚР СІІМ-нің №11-1-4/245 бірлескен бұйрықтарына сәйкес ҚР ІІМ Көші-қон қызметі виза беру құқығына иә болды. 2020 жылғы қыркүйек айынан бері шығу визасы-20 азаматқа, кіру визасы 289 шетел азаматарына берілді, – дейді кейіпкеріміз.

«Азаматтардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету – басты міндет»

Есірткі қылмысына қарсы іс-қимыл бөлімшесінің қызметкерлері жыл басынан қызметтік іздестіру итімен ҚР Қылмыстық кодексінің 296 бабы 2 тармағы «Есірткі, психотроптық заттарды, сол тектестерді өткізу мақсатынсыз заңсыз дайындау, қайта өндеу, иемдену, сақтау, тасымалдау» бойынша10 қылмыстық істі анықтаған.

«Азаматтардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету – басты міндет»

– Нұр-Сұлтан қаласы әуежайындағы жолаушылар назарына ағымдағы жылғы 6 қазан сағат 00-00 ден бастап Қазақстан Республикасына шетелден әуе рейстерімен келетін адамдарға шектеу шаралары күшейтілді. Қазақстан Республикасының шетелден әуе рейстермен ұшып келген жолаушылар COVID- 19-ға тапсырған тестінің анықтамасы міндетті түрде болу керек. Және де біздің мемлекеттің азаматы болып табылмайтын жолаушыларға Қазақстан Республикасына кіруге тиым салынады. Келген жолаушылардың дене қызуы анықталса, COVID-19 -ға тапсырған анықтамасына қарамай карантинге жабылады. Сондықтан да Көліктегі полиция қызметкерлері барша қала тұрғындары мен қонақтарын карантиндік шаралаға жауапкершілікпен қарап, әуежайда әлеуметтік ара қашықтықты сақтауға және маскалық режимді бұзбауға шақырады. Полиция қызметкерлерімен жасалаған ескертулер сіздердің жеке қауіпсіздіктеріңіз үшін жүргізіліп отыр.

«Азаматтардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету – басты міндет»

Саян Омаровтың айтуынша халықаралық әуежайдағы көші-қон қызметі шетел азаматтарына осы жылдың 19 қыркүйегінен бастап Шетелдіктер мен азаматтығы жоқ адамдардың Қазақстан Республикасына келуіне шақыруларын рәсімдеу, Қазақстан Республикасының визаларын беру, күшін жою, қалпына келтіру, сондай-ақ олардың қолданылу мерзімдерін ұзарту және қысқарту қағидаларын бекіту туралы бұйрыққа өзгеріс енгізілгенін айта кетті.

«Азаматтардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету – басты міндет»

– Бұйрыққа сәйкес ІІМ Қазақстан Республикасының халықаралық әуежайларында келесі визаларды беру жүргізеді. «А1», «А2», «А3», «А4», «А5», «В1», «В2», «В3», «В5», «В7», «В10», «В11», «В12», «В13», «С3», «С3», «С8», «С9», «С12» ресми делегациялардың мүшелеріне, Қазақстан Республикасы Консулдық мекемелері жоқ елдердің азаматтарына, сондай-ақ шақыру негізінде немесе ІІМ-нің нұсқауы бойынша визалар алушыларға беріледі. Қазақстан Республикасының халықаралық әуежайларында визаны ресімдеу үшін мемлекеттік қызметті көрсету үшін керек құжаттар: ІІМ-де немесе СІІМ-де тіркелген шақырудың нөмері мен күні(виза алушыға шақырудың нөмері мен берілген күнін шақырушы тарап хабарлайды) немесе Қағидалардың 2-тармағында көзделген визалар санатын алушылардың өтініш хаты ұсынылады. Қазіргі уақытта Нұр-Сұлтан қаласы әуежайындағы ЖПб Көші-қон қызметі бөлімшесінің қызметкерлері тәулік бойы Қазақстан Республикасына ұшып келген шет ел азаматтарына жоғарыда көрсетілген санаттар бойынша виза беруде, дейді Саян Омаров.

Сондықтан сөз соңында біз де өз тарапыздан Қазақстан халқына тәртіпке бағынып, карантин талаптарын сақтауға шақырамыз.

 

 

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға