Жаңалықтар

Абайдан қалған нақыл сөздер

Пайда, залалды айыратұғын қуаттың аты - ақыл...
Абайдан қалған нақыл сөздер
28.12.2016 18:13 5923

Абай (Ибраһим) Құнанбаев Құнанбайұлы (1845-1904) — ақын, ағартушы, жазба қазақ әдебиетінің, қазақ әдеби тілініңнегізін қалаушы, философ, композитор, аудармашы, саяси қайраткер, либералды білімді исламға таяна отырып, орыс және еуропа мәдениетімен жақындасу арқылы қазақ мәдениетін жаңартуды көздеген реформатор. Абай ақындық шығармаларында қазақ халқының әлеуметтік, қоғамдық, моральдық мәселелерін арқау еткен.

Абай Шығыс пен Батыс мәдениеті мен өркениетін жетік білген. Бірқатар әлем ойшылдарының еңбектерімен жақсы таныс болған. Философиялық трактаттар стилінде жазылған «Қара сөздері» - тақырып ауқымдылығымен, дүниетанымдық тереңдігімен, саяси-әлеуметтік салмақтылығымен құнды.

1. Пайда, залалды айыратұғын қуаттың аты - ақыл...

2. Адамның адамшылығы - ақыл, ғылым, жақсы ата, жақсы ана, жақсы құрбы, жақсы ұстаздан болады.

3. Үш-ақ нәрсе адамның қасиеті: Ыстық қайрат, Нұрлы ақыл, Жылы жүрек.

4. Адамзатқа не керек: Сүймек, сезбек, кейімек. Харкет қылмақ, жүгірмек, Ақылмен ойлап сөйлемек.

5. Атымды адам қойған соң, Қайтып надан болайын.

6. Бес нәрсеге асық бол... Талап еңбек, терең ой, Қанағат, рақым, ойлап қой -  Бес асыл іс көнесеңіз.

7. Адам баласы адам баласынан ақыл, ғылым, ар, мінез деген нәрселермен озады.

8. Жас уақытта көңіл - гүл.

9. Жастықтың аты арындап, Тас қияға өрледің.

10. Жастықтың оты жалындап, Жас жүректе жанған шақ. Талаптың аты арындап, Әр қиянға салған шақ.

11. Жастықта көкірек зор, уайым жоқ.

12. Жастықта бір күлгенің мың қаралық.

13. Жігіттер, ойын арзан, күлкі қымбат.

14. Егер ісім өнсін десең - ретін тап.

15. Еңбек - қуаныш, жалқаулық арылмас азап.

16. Еңбексіз мал дәметкен - қайыршылық.

17. Жұмысы жоқтық, Тамағы тоқтық, Аздырар адам баласын.

18. Дүниеде жалғыз қалған адам - адамның өлгені.

19. Сақалын сатқан кәріден, Еңбегін сатқан бала артық.

20. Орынды іске жүріп ой таппаған, Не болмаса жұмыс қып, мал таппаған. Қасиетті болмайды, ондай жігіт, Әншейін құр бекерге бұлғақтаған.
 

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға