Жаңалықтар

"Қазақстанның 100 жаңа есімі" жобасына өтініш беру мерзімі ұзартылды

«Қазақстанның 100 жаңа есімі» жобасына қатысуға өтініш қабылдау мерзімі 2018 жылдың 25 қазанына дейін ұзартылды.
"Қазақстанның 100 жаңа есімі" жобасына өтініш беру мерзімі ұзартылды
12.10.2018 10:06 7778

«Қазақстанның 100 жаңа есімі-2018» республикалық жобасына қатысуға үміткерлерден өтініш қабылдау мерзімі 2018 жылдың 25 қазанына дейін ұзартылды. Үміткерлер анкетасы 100esim.el.kz сайтында жарияланады.

Жобаға қатысатын үміткерлерге қойылатын талаптарды тағы да естеріңізге саламыз:

- үміткердің кәмелет жасқа толған болуы (18);

- қызмет саласында елдің жағымды имиджін қалыптастыруға үлес қосқан айрықша жетістіктерінің, қатысушы имиджін дамытуға ықпал ететін тұлғалық қасиеттерінің болуы;

- үлгі алуға лайық, жастарды патриоттық және туған жерге адалдық рухында тәрбиелеуге, еңбек культін қалыптастыруға ықпал ететін қоғамдық-саяси және еңбек қызметінің болуы;

- Қазіргі Қазақстанның дамуына қосқан нақты үлесінің болуы.

-Қазіргі Қазақстанның, оның табыстары мен түрлі саладағы жетістіктерінің жарқын үлгісі бола алатын тұлға болуы шарт.

Жобаны жүзеге асырудың екінші кезеңінде арнайы құрылған жұмыс тобы қоғамдық пікірді ескере отырып, жобаға лайықты деген кандидаттарды іріктеп дауыс беру кезеңіне шығарады.

Үшінші кезеңде қоғам елге үлгі болуға лайық деп тапқан адамдарға дауыс беріп, ең көп дауыс жинағандар «Қазақстанның 100 жаңа есімі»  жеңімпаздары тізіміне қосылады.     

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға