Қандастар Ассамблея

Жаңа жыл туралы сіз білмейтін 10 қызықты дерек

Аяз ата мен Қаршақыз қашан пайда болған?

Жаңа жыл — барша қауым асыға күтетін отбасылық мереке. Ол көптеген елдерде 31 желтоқсаннан 1 қаңтарға қараған түні тойланады. El.kz порталы осы мейрамға байланысты қызықты деректер ұсынбақ.


1. Жаңа жылды тойлау салты біздің заманымызға дейінгі екі мың жыл бұрын Месопотамия өркениетінде пайда болған дейді ғалымдар. Мереке күндері адамдар хаосты бағындырғандығын білдіру мақсатында құдайлардың мүсіндерін көшеде алып жүрген екен. Сол сияқты бұл дәстүр жер бетін жаман нәрселерден тазарту үшін де қолданылған.

2. Ал нақты 1 қаңтардан Жаңа жылды тойлау біздің дәуірімізге дейінгі 153 жылдан басталуы ықтимал. Себебі, осы күні Рим консулдары өз қызметтеріне кіріскен. 46 жылы Юлий Цезарь жаңа юлиандық күнтізбені енгізіп, жылдың басы ретінде 1 қаңтарды нақты белгілеткен.

3. Ежелгі Римде жаңа жылдың бірінші күні таңдау құдайы Януске арналған. Оның бір беті алға, екінші беті артқа қарап тұрған екен. Орысша «январь» айын осы Янус құдайдың есімімен байланыстырады.

4. Аралды мекен ететін Кирибати мемлекеті ең алғаш болып Жаңңа жылды қарсы алады. Себебі, ол шығыс белбеудің ең басында орын тепкен — UTC+14. Айтқандай, Кирибатидегі күндізгі уақыт тура Гавайя (UTC–10) аралдарымен дәл келеді, тек арасында бір күн бар.

5. Шырша жағу дәстүрі өз бастауын Германия мен Прибалтикадан (XVI ғасыр) алады. Бірақ, безендіру тек христиан дінімен сәйкестендірілген: жақсылық пен жамандықтың символын білдіретін алма, періште тазалығына сай келетін майшам ілінген. Ал ең жоғарыға Вифлемдік жұлдызша тағылыпты. Ойыншықтар, тәттілер мен жаңғақтар ілу дәстүрі өте кеш пайда болған.


6. Ал көрші Ресейде Жаңа жылды тойлау дәстүрін 1699 жылы І Петр енгізген. Оның жарлығына байланысты барлық Еуропадағыдай елде мерекені тойлау 31 желтоқсаннан 1 қаңтарға қараған түні өткізілетін болды. Бұған дейін жаңа жыл 1 қыркүйектен басталатын еді. Алайда 1700 жылы Еуропа елдері жаппай григориандық күнтізбеге өтсе, Ресей юлианда қалуды жалғастыра береді. Соған орай, жаңа жыл басқаларға қарағанда 13 күн кеш кіретін. Ал Қытай Жаңа жылды бір ай бойы тойлайтын болыпты.

7. Ертеректе шыршаны безендіруде майшам немесе май жағылған жаңғақтар пайдаланғаны туралы айтып кеттік. Бұл аталғандар өрттің тұтануына себеп болатындықтан, шырша қатаң бақылауда ұсталған. 1882 жылы Томас Эдисонда жұмыс жасайтын Эдвард Хибберд Джонсон қызыл, ақ, көк крепирленген қағаздан кішкентай электрлік лампа ойлап тапты. Осындай түрлі-түсті оттар заманауи рождестволық гирляндтардың ең алғашқыс нұсқасы болды. 1895 жылы Жаңа Англияда телефон компаниясының қызметкері Ральф Моррис телефон коммутаторынан көретін өте сүйкімді гирлянд лампасын жасап шығарды.

8. Көптеген елдерде келер жылы үлде мен бүлдеге оранып жүреміз деген сеніммен адамдар мейрам қарсаңында жаңа киімдерін киюге тырысқан. Ескі-құсқыдан арылу дәстүрі Италияда пайда болған. Адамдар осылайша жан дүниемізді тазартамыз деп сеніпті. Келе жатқан жыл жақсылыққа толы болу үшін мол дастархан жаю да ғұрыпқа айналған. Жаңа жылдың ең маңызды дәстүрі – тілек тілеу көне ғасырлардан келе жатса да, әлі ұмытылған жоқ. Өйткені "Жаңа жыл қарсаңында қандай тілек тілесең де, әрқашан орындалады" деген сенім бар.


9. Жаңа жыл символы болып саналатын Аяз Ата тек 150 жыл бұрын пайда болған. Ол алғаш рет Владимир Одоевскийдің «Ириней атаның ертегілері» жинағында аталады. «Аяз Иванович» ертегісіндегі Аяз Ата құдық арқылы түсетін мұзды елде өмір сүреді. Сол сияқты ол ешкімге сыйлық үлестірмеген, тіпті мерекемен байланысы жоқ болған. Аяз Ивановичті Жаңа жылмен, шыршамен байланыстыру XIX ғасырдың ортасында пайда болды.

10. Сонымен қатар, Қаршақыздың да Аяз Атамен, Жаңа жылмен ешқандай таныстығы жоқ-тын. Ол халық ертегісіндегі қардан жасалып, жан кірген бір кейіпкер ғана болатын. Бұл сюжет 1869 жылы Александр Афанасьевтің шығармасында айтылды. 1873 жылы Афанасьевтің еңбегіне көзі түскен Александр Островский «Қаршақыз» пьесасын жазды. Автор оны Аяз ата мен Көктем-Қызылдың қызы ретінде таныстырады.

(Суреттер pixabay.com сайтынан алынды)