Жаңалықтар

Халықаралық рейстерге арзан билет қалай алуға болады?

Сапарға шығуды ойластырып жүрсеңіз...
Халықаралық рейстерге арзан билет қалай алуға болады?
17.07.2017 14:47 7931

Шет елге билет қажет болды ма? Ендеше төмендегі кеңестер сіз үшін...

 

Билетті әуе компаниясының офисінен емес, интернеттегі сайтынан алғаныңыз жөн. Себебі, офистегі билет 10-15 мың теңгеге қымбатырақ.

Билетті түнгі уақытта немесе таң ертеңгісін сатып алыңыз. Жұмыс уақытында қол жеткізген билеттеріңізден айтарлықтай арзанға түседі. Сондай-ақ, барып-қайтар билетіңізді бірден алып қойыңыз, кейде бір бағыттағы билеттер айтарлықтай қымбатқа түсуі мүмкін.

Виза талап ететін елдерге барарда тек әуе компанияның ресми сайтынан алыңыз (офисінен алып жүрмеңіз). Себебі, визаңыз шықпай қалса, ресми сайттан алған билеттің құнын қайтарып алуға болады. Мәселен, KLM билетін әртүрлі жекеменшік кассалардан, билет сататын басқа да сайттардан алсаңыз, әуе компаниясы билет қаржысын қайтарып бермейді.

 

Билетті бір-екі ай бұрын, тіпті жарты жыл бұрын алған дұрыс. Визасыз баратын елдерге билет іздесеңіз, ең алдымен сайттағы seats деген бөлімнен ұшақта қанша бос орын қалғанына  назар аударыңыз. Көп орын болса, арзан билетке деген сіздің мүмкіндігіңіз бар, сайттағы сервис оны сізден жасырып қоюы мүмкін. Бос орын аз қалса, арзан билетке де мүмкіндік аз. Ал сізден жасырылған билетті қалай табуға болады? Сіз ашып отырған авиа сайттың терезесінен бөлек aviata.kz, tickets.kz, santufei.com секілді сайттарды да қатар ашыңыз, барлығында бір баға көрсетіліп тұр ма? Қайта-қайта жаңартып отырсаңыз, әйтеуір біреуі сізге арзан билет тауып береді.  

Ресми сайттардағы «Астанадан Лондонға дейін небәрі 300 доллар» деген секілді жарнамалар алдамайды. Тексеруіңізге болады.

Авиа компаниялардың сайтына тіркеліп қоюды ұмытпаңыз, олар сізді пайдалы жаңалықтармен хабардар етіп отырады. 

Сапарыңыз сәтті өтсін!

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға