Артық ақша жұмсауды қажет етпейтін 15 зат 

10.07.2017 5099

Байқайсыз ба? Жарнама ең қажетсіз дүниені сізге керек сияқты етіп көрсетеді. Сондықтан, сіз жарнамадан көрген затыңызды дүкен сөрелерінен көрген кезде бірден сатып алғыңыз келіп тұрады. Бүгін "El.kz" порталы тұтынушылардың күнделікті алып жүрген заттарының қаншалықты қажет екендігін анықтап көрмек. 

Байқайсыз ба? Жарнама ең қажетсіз дүниені сізге керек сияқты етіп көрсетеді. Сондықтан, сіз жарнамадан көрген затыңызды дүкен сөрелерінен көрген кезде бірден сатып алғыңыз келіп тұрады. Бүгін "El.kz" порталы тұтынушылардың күнделікті алып жүрген заттарының қаншалықты қажет екендігін анықтап, қалай қаражатты үнемдеуге болатындығын жазады. 

Тоналды крем

Сән журналдарының жарнамаларына қарасаңыз тоналды кремсіз макияж жасауға болмайды деген пікірге тоқтайсыз. Алайда, байқап қараңызшы. Бетіңізге тоналды крем қажет пе? Әлде ол бетперде тағып алғандай сезім тудырады ма?

Шашқа арналған спрей

Шашқа сепкеннен кейін жууды қажет етпейтін шашқа арналған спрей сіздің шашыңызды жібектей жұмсақ, жылтыр, әрі мықты етеді... Алайда, мұндай спрейлер уақыт өте келе шаштың түбінде тұнып, керісінше оның сынғыш, түссіз болып кетуіне алып кететінін білесіз бе? Одан кейін оны дұрыстауға арналған тағы да өзге спрей сатып алуға тура келеді.

Целлюлитқа қарсы крем

Шынымен де бөтелкедегі сыйқырлы тұнба сізді аяқтың сан, жамбас бөліктеріндегі тері астындағы жиналған токсинді майдан арылуға көмектеседі деп ойлайсыз ба? Ақшаңызды бекерге құртпаңыз!

Денеге арналған скраб

Скрабтың ең негізгі құрамы қандай? Теріні жаңартатын бөлшектер, әдетте ұсақталған өрік сүйегі немесе жасанды түйіршіктерден тұрады. Бірақ, кәдімгі қатты ысқыш скрабсыз-ақ теріні жаңартатынын білесіз бе? Және ол сізге өте арзанға түседі.

Душқа арналған гель

Душқа арналған гельдер жұпар иіс пен қолдануының ыңғайлығынан басқа кәдімгі сабыннан еш айырмашылығы жоқ. Шындығында моншаға барарда сізге керегі жақсы жөке мен сапалы сабын.

Кір жуу машинасын таттан қорғайтын құрал

Кір жуу машинасының өзі қымбат дүние. Дүкендегілер оған қоса тағы да қымбат тат пайда болдырмайтын құрал алғаныңызды қалайды. Шындығында, татты тиын ғана тұратын лимон қышқылымен кетіруге болады. Оны кір жуғыш ұнтақтың орнына құйып, мақта матадан тігілген киімдерді жуатын режимде жуасыз.

Асханаға арналған қағаз сүлгі

Асханаға арналған қағаз сүлгі ыңғайлы болғанымен, тез жұмсалып кететін және кәдімгі майлықтарға қарағанда қымбат тұратын зат. Салыстырмалы түрде тұрақты қағаз сүлгі алғаннан гөрі, кәдімгі сүлгіні жуып пайдаланған әлде қайда тиімді.

Балаға арналған биік орындық

Сәбиді уақытша ғана отырғызатын биік, әрі көлемді орындық сізге керек пе? Оның орнына кәдімгі орындыққа орналастырылатын орындық-бустер сізге әлде қайда тиімді. Керек емес болып қалған кезде жинап қоя салуға болады.Үйіңізден артық орынды да қажет етпейді.

Радионяня

Егер зәулім үйде тұрсаңыз керемет замануи техника сізге қажет болар. Алайда, қарапайым пәтерде тұратын адамдарға оның қажеті жоқ. Себебі, өзіңіздің сәбиіңіздің дауысын естімей қалу мүмкін емес.

Жүру арбасы

Жүздеген жылдар бойы кішкентай сәбилер өздері аяқтарына тұрып, жүріп кеткен. Қажет болса кішкентай сәби кезкелген жиһаздан ұстап тік тұрады, жүреді. Жүру арбасы бөбегіңізге шындығында да қажет пе?

Спортзалға абонемент

Ойлап көріңізші, сіздің спортпен айналысуыңыз үшін абонемент қажет пе? Егер өзіңізді сергек сезініп, сымбатты болғыңыз келсе оған көп қаражатты жұмсаудың қежеті жоқ қой. Иә? Тек көбірек жүріңіз, жүгіріңіз, тым жоғарғы қабатта тұрмасаңыз, сатыдан жаяу шығып-түсіңіз.

Спорттық киім

Антисептикалық күміс жабындысы бар футболкалар, ылғалды өткізбейтін заманауи маталар, микрофибрадан жасалған шұлық... Иә, маркетологтар сіздің ақшаңызды жұмсауыңыз үшін түрлі айла-тәсілдер ойлап табады. Сізге керегі сапалы кросоовки мен ыстықтатпайтын мақталы матадан тігілген қарапайым киімдер емес пе?

Диеталық тамақ

Бұл қатарға фитнес-мюсли, үлпектер мен түрлі таңғы астарды қосамыз. Шындығында сәнді, әрі сондай әдемі көрінбесе де, жәй ғана ботқа дайындап жеген әлде қайда сіздің қалтаңызға салмақ түсірмейді.

ОҚЫРМАНҒА САУАЛ:

 Ал сіз бұл тізіммен келісесіз бе? Оны толықтыра аласыз ба?