Жаңалықтар

Елордада тамақтан уланғандар саны 98 адамға жетті

Елордада тамақтан уланғандар саны 98 адамға жетті
Фото: 24.kz 16.06.2022 11:16 1634

Бұл туралы Нұр-Сұлтан қалалық санитариялық-эпидемиологиялық бақылау департаментінен мәлім етті, деп хабарлайды El.kz

«16 маусым күні сағат 09.00-дегі жағдайға сәйкес жаңадан тағы 7 дерек тіркелді. Қорытындысында тамақтан уланғандар саны 98-ге жетті», - делінген ақпаратта.

Айта кетейік, бұған дейін 9 және 10 маусымда департаменттің аудандық басқармаларына қала ауруханаларынан тағамнан улану тіркелгені туралы шұғыл хабарлама түскен еді. Бүкіл науқастар бұл жағдай елорданың қоғамдық тамақтану орындарының бірінде тамақ жегеннен кейін болғанын хабарлаған болатын. Сол уақытта 64 науқас медициналық көмекке жүгінгені белгілі болды. Оның 52-сі ауруханаға жатқызылды, 12-сі амбулаториялық ем алып жатқан.

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға