Жаңалықтар

Бүгін ауа райы құбылмалы болады

Бүгін ауа райы құбылмалы болады
Фото: Goodfon.ru 16.06.2022 09:04 2221

Қазгидромет 16 маусымға арналған ауа райы болжамын жариялады, деп хабарлайды El.kz.

Қазгидрометтің мәліметінше, найзағай ойнап, жаңбыр жауады, сондай-ақ бұршақ жауып, дауыл тұрады, шығыста, оңтүстік-шығыста қатты жаңбыр жауады.

Еліміздің батысында, солтүстік-батысында, оңтүстігінде, орталығында ауа райы жауын-шашынсыз. Республика бойынша жел күшейіп, оңтүстік-батыста, оңтүстікте шаңды дауыл тұрады деп болжанып отыр.

Алматы облысының оңтүстігінде, шығысында, таулы аудандарында 15-20 м/с жылдамдықпен жел соғады, облыстың шығысында екпіні 25 м/с күшейеді.

Жамбыл облысының оңтүстік-шығысында, таулы аудандарында бұршақ, дауыл, солтүстік-шығысында, облыстың таулы аудандарында 15-20 м/с жылдамдықпен жел тұрады.

Шығыс Қазақстан облысының солтүстігінде, шығысында бұршақ жауып, дауыл соғады деп болжануда, облыстың батысында, солтүстігінде, шығысында жел 15-20, екпіні 23 м/с күшейеді.

Солтүстік Қазақстан облысының солтүстігінде, шығысында бұршақ жаууы ықтимал, түнде және таңертең облыстың солтүстік-батысында тұман түсіп, күндіз солтүстікте, шығыста жел 15-20 м/с күшейеді.

Түркістан облысының таулы аудандарында дауыл соғады, облыстың солтүстігінде, таулы аудандарда жел 15-20 м/с күшейеді, күндіз облыстың солтүстігінде шаңды дауыл болады.

Павлодар облысының солтүстігінде, күндіз орталығында бұршақ жауады, солтүстігінде, орталығында жел 15-20 м/с күшейеді.

Түнде Қостанай облысының оңтүстігінде тұман түсіп, күндіз солтүстік-шығысында, шығысында жел 15-20 м/с күшейеді.

Түнде Маңғыстау облысының оңтүстігінде, орталығында жел 15-20 м/с күшейіп, шаңды дауыл тұрады.

Атырау облысының шығысында, Ақмола облысының солтүстігінде, шығысында, күндіз Қарағанды облысының шығысында, оңтүстігінде, Қызылорда облысының орталығында жел 15-20 м/с күшейеді.

Күндіз Батыс Қазақстан, Маңғыстау облыстарының оңтүстігінде қатты ыстық болады.

Қызылорда ​​облысында, Шығыс Қазақстан, Алматы облыстарының батысында, Ақтөбе облысының оңтүстігінде, шығысында, Атырау облысының оңтүстігінде, Қарағанды облысының батысы мен шығысында, Түркістан облысының оңтүстік-шығысында төтенше өрт қаупі бар.

Нұр-Сұлтанда көшпелі бұлт шығады, күндіз өткінші жаңбыр жауады, найзағай ойнайды. Ауа температурасы күндіз +23+25, түнде +11+13 градус жылы болады.

Алматыда көшпелі бұлт шығады, кей жерлерде жаңбыр жауады, найзағай ойнайды. Күн күркіреп, екпінді жел соғады, күндіз +28+30, түнде +17+19 градус жылы болады.

Шымкентте көшпелі бұлт шығады, жауын-шашынсыз. Күндіз +34+36, түнде +18+20 градус жылы болады.

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға