Жаңалықтар

Жамбыл облысында сел жүріп, үйлерді су басты

Алдын ала мәлімет бойынша, мал арасында шығын бар.
Жамбыл облысында сел жүріп, үйлерді су басты
24.06.2022 03:48 1115
Жамбыл облысы Қордай ауданына қарасты Үлкен Сұлутөр ауылында нөсер жаңбырдың салдарынан сел жүрді, деп хабарлайды El.kz Жамбыл облыстық ТЖД баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Қатты селден ауылға баратын негізгі жолда көлік қозғалысы тоқтатылған. Ауыл арасындағы селдің видеолары әлеуметтік желіде тарап жатыр.

– 2 шаруашылық ғимарат зақымданды. 3 үйдің ішіне су кірді. Үйлердің біріне кіретін газ құбыры бүлінді. Зардап шеккендер жоқ, - деп хабарлады облыстық ТЖД.

Алдын ала мәлімет бойынша, мал арасында шығын бар: қойлар мен тауықтар өлген.

Жамбыл облыстық ТЖД мәліметінше, аудан әкімінің орынбасары мен төтенше жағдайлар бөлімінің басшысы қазір зардап шеккен ауылда.

Құтқарушылар жұмыс істеп жатыр.



Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға