Жаңалықтар

Жамбыл облысында автобус аударылып, екі адам қаза тапты

Жамбыл облысында автобус аударылып, екі адам қаза тапты
21.06.2022 22:12 1236
Оқиға 21 маусымның түнінде "Батыс Еуропа-Батыс Қытай" тас жолының 389 шақырымында болған, деп хабарлайды El.kz сайты Жамбыл облыстық прокуратурасының баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Қазір апаттың себебі анықталып жатыр.

Жамбыл облыстық прокуратурасы таратқан ақпаратқа сай, Тұрар Рысқұлов ауданында Алматыға бара жатқан автобус апатқа ұшыраған. Көліктің сау-тамтығы қалмапты. 2 жолаушы қайтыс болып, 16 адам түрлі дене жарақатымен аудандық ауруханаға жеткізілген.

– Аталған дерек бойынша аудандық полиция бөлімі ҚК-тің 345-бабы 4-бөлігімен сотқа дейінгі тергеп-тексеруді бастады, – деп хабарлайды облыстық прокуратураның баспасөз қызметі.

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға