Жаңалықтар

Жалған ақпарат таратқандар 5 жылға дейін бас бостандығынан айырылады

Бұл туралы ІІМ Экстремизмге қарсы іс-қимыл департаменті басқарма бастығының орынбасары Спартак Қабденов ІІМ-нің дәстүрлі брифингінде айтты, деп хабарлайды El.kz Baq.kz-ке сілтеме жасап.
Жалған ақпарат таратқандар 5 жылға дейін бас бостандығынан айырылады
Фото: Aikyn.kz 13.06.2022 12:16 1398
Құқық қорғау органдарында мұндай қылмыстармен күресуге барлық мүмкіндік бар, жоғары техникалық құралдармен жабдықталған. Қоңырау шалған адам дауысын өзгертсе де, сим-картасы мен телефонын ауыстырса да, ол бәрібір табылады. Қылмыстардың 90 пайыздан астамы «ізі суымай» кезекші тәулікте ашылды. Интернет арқылы жасалатын көрнеу жалған хабарламаларды ашу үшін бізбен шетелдік әріптестермен тығыз қарым-қатынаста құқықтық көмек бойынша жұмыс істелді, сондай-ақ Интерпол каналы бойынша, - деді ол.   
Қабденовтың айтуынша, қолданылған анонимді пошталар, IP-мекенжайлар және телефондар туралы шет елдердің құқық қорғау органдарынан мәлімет алынады. 
Жоғарыда атап өткендей, интернетті қылмыс жасау мақсатында қолданатындарды ұстау және жауапкершілікке тарту мысалдары жеткілікті. Қазақстанда терроризм актісі туралы көпе-көрнеу жалған хабарлама үшін бес мың айлық есептік көрсеткішке дейін айыппұл төлеу (бұл 14,5 млн теңге) немесе осы көлемде түзеу жұмыстарына тарту, сондай-ақ 5 жылға дейін бас бостандығынан айыру немесе шектеу жазасы қолданылады, - деді Спартак Қабденов. 
Оның айтуынша, аталған қылмысты жасағаны үшін 14 жасқа толған адамдар қылмыстық жауапқа тартылады.
Сондықтан мұны мектеп оқушылары білуі тиіс. Сонымен қатар осындай хабарламаның кесірінен келтірілген барлық шығын өтелуі керек. Мұндай әрекетті кәмелетке толмаған бала жасаған болса, шығынды ата-анасы өтейді, - деді ол. 

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға