Жаңалықтар

Жаңа үш облыстың автокөлік коды жарияланды

Көлік нөмірлеріндегі өңірлік кодтар қазақ тілінің әліпби тәртібімен беріледі.
Жаңа үш облыстың автокөлік коды жарияланды
22.06.2022 13:21 904

Жаңадан құрылған үш облыста берілетін автокөліктің аймақтық нөмірлері жарияланды. Бұл туралы Ішкі істер министрлгінің баспасөз қызметі мәлім етті,– деп хабарлайды El.kz.

Министрліктің ақпараты бойынша, көлік нөмірлеріндегі өңірлік кодтар қазақ тілінің әліпби тәртібімен беріледі.

– Осыған байланысты жаңадан пайда болған үш облысқа автокөліктердің өңірлерлік кодтарын мынадай тәртіппен беру ұсынылады: Абай облысы - 18, Жетісу облысы - 19,Ұлытау облысы - 20, – деп хабарлады ІІМ баспасөз қызметі.

Министрлік ақпаратына қарағанда, жаңа аймақтарда көліктің нөмір кодтарын енгізу барысында көлік құралдарындағы бұрынғы мемлекеттік нөмірлерді ауыстыру талап етілмейді.

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға