Жаңалықтар

Зейнет жасын төмендету мәселесі талқыға түсті – Тоғжанов

Бұл туралы ол Парламент палаталарының бірлескен отырысында пікірі білдірді
Зейнет жасын төмендету мәселесі талқыға түсті – Тоғжанов
Фото: primeminister.kz 30.06.2022 10:46 1609

Премьер-министрдің орынбасары Ералы Тоғжанов Парламент палаталарының бірлескен отырысында зейнет жасын төмендетуге қатысты пікір білдірді, – деп хабарлайды El.kz порталы Baq.kz-ке сілтеме жасап. 

– Үкіметте жұмыс тобы құрылды. Бұл мәселе талқыланып жатыр. Бүгінде бізге түскен барлық ұсыныс, оның ішінде зейнет жасын төмендету, әлеуметтік кодекске өзгерту енгізу мәселелері талқылануда. Аталған мәселе бойынша жұмыс тобын құрып, талқылап жатырмыз, – деді Тоғжанов.

Тоғжанов Премьер-министрдің орынбасары – Қаржы министрі Ерұлан Жамаубаев зейнет жасын төмендету мәселесіне жауап бермейтінін айтты.

– Ерұлан Жамаубаев басқа мәселелерге жауап береді. Ол вице-премьер-министр ретінде аталған сұраққа жауап бере алмайды. Бұл мәселенің маған қатысы бар. Сондықтан бұл мәселені талқылап жатырмыз, – деді ол.

Естеріңізге салсақ, осыған дейін Қаржы министрі Ерұлан Жамаубаев зейнет жасын төмендету мәселесі әлі талқыланбағанын айтқан еді.

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға