Жаңалықтар

Заңсыз айналымда жүрген 61 қару мен 13 граната тәркіленді

Заңсыз айналымда жүрген 61 қару мен 13 граната тәркіленді
03.06.2022 11:06 1702

2022 жылғы сәуір-мамыр айларында Ұлттық Қауіпсіздік Комитеті мен құрамына кіретін аумақтық департаменттері заңсыз айналымнан, оның ішінде «қаңтар оқиғасы» кезінде ұрланған қаруды іздеу бойынша жедел-іздестіру іс-шаралары нәтижесінде 61 қару мен 13 граната сондай-ақ 1170 оқ-дәрі тәркіледі,- деп хабарлайды El.kz сайты ҚР ҰҚК баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Алматы облысында «Байкал» тапаншасы, 2 мылтық, 10 граната және әр-түрлі калибрлі 104 оқ жасырылған орын табылды. Жаппай тәртіпсіздікке қатысушылардан 3 бірлік қару мен 109 оқ-дәрі тәркіленді.

Заңсыз айналымда жүрген 61 қару мен 13 граната тәркіленді

Аймақтың қылмыстық өкілі «Макаров» тапаншасын сату кезінде ұсталды. Оның тұрғылықты жері бойынша «қаңтар оқиғасы» кезінде Талдықорған қалалық полиция басқармасынан ұрланған тағы бір тапанша табылды.

Алматы қаласында жаппай тәртіпсіздікке қатысушыларды, соның ішінде Президент резиденциясына шабуыл жасағандарды ұстау барысында «Глок» маркалы тапанша мен 29 оқ және 3 тегіс ұңғылы мылтық тәркіленген.

Тергеудегі «Қазақстандық» ұйымдасқан қылмыстық топтың мүшелері өз еріктерімен 39 бірлік қару, 1 дауыстық граната, 1 броньды сауыт және 98 оқ тапсырды.

Полиция органдарымен бірге «Қорған» аңшылық дүкенінен қару ұрлауға қатысы бар өңірдің тұрғындары ұсталды. Тінту барысында олардың тұрғылықты жері бойынша оптикалық нысана, тегіс ұңғылы оқпен жабдықтауға арналған станок, сондай-ақ «ASG» страйкболға арналған мылтық алынды.

Ұлттық Қауіпсіздік Комитеті баспасөз қызметі Жамбыл облысында 328 оқ-дәрі жасырылған орын табылғанын жазады. Сондай-ақ Қызылорда облысында 59 оқ-дәрі жасырылған орын анықталса, Шығыс Қазақстан облысында Полиция департаментімен бірге жасырын жерден 1 шолақ мылтық пен 1 «РГ-42» гранатасы, 168 оқ-дәрі және 1 броньды сауыт тәркіленген. Ал, Түркістан облысында «Мосина» маркалы мылтық табылған. Осылайша Заңсыз айналымнан барлығы 61 қару, 13 граната және 1170 оқ-дәрі тәркіленді.

Аталған фактілер бойынша сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізілуде.

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға