Жаңалықтар

UFC қазақстандық Мария Агапованың келесі жекпе-жегін бекітті

Спортшы АҚШ-тағы Техас штаты, Далласта UFC 277 турнирінде өнер көрсетеді.
UFC қазақстандық Мария Агапованың келесі жекпе-жегін бекітті
24.06.2022 07:54 920
UFC-де өнер көрсететін қазақстандық Мария Агапова ресми түрде американдық промоушенде бесінші жекпе-жегін өткізетін болды, деп хабарлайды El.kz.

Агапованың алдағы жекпе-жегі туралы хабарлама Instagram UFC Russia парақшасында жарияланды.

Спортшы АҚШ-тағы Техас штаты, Далласта UFC 277 турнирінде өнер көрсетеді. Агапованың қарсыласы - Оңтүстік Корея тумасы Джи Йон Ким.

Кореялық спортшы UFC-де сегіз жекпе-жек өткізген, оның үшеуі - жеңіс, бесеуі - жеңіліс.

Қазақстан америкалық промоушенде төрт жекпе-жекте өткізді, оның екеуінде жеңіске жетсе, тағы екеуінде жеңіліс тапқан болатын.


Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға