Жаңалықтар

Тоғжанов БАҚ қызметкерлерін кәсіби мерекесімен құттықтады

Тоғжанов БАҚ қызметкерлерін кәсіби мерекесімен құттықтады
28.06.2022 06:03 2308

ҚР Премьер-министрінің орынбасары Ералы Тоғжанов БАҚ қызметкерлерін кәсіби мерекелерімен құттықтады, деп хабарлайды EL.KZ. 

Бұл туралы ол өзінің әлеуметтік желідегі парақшасында жазды.

Құрметті ақпарат саласының қызметкерлері! Сіздерді кәсіби мерекелеріңізбен құттықтаймын. ХХІ ғасыр – ақпарат ғасыры. Қоғамдық көзқарас пен қоғамдық сана қалыптастыруда бұқаралық ақпарат құралдарының орны орасан. Сондықтан, Жаңа Қазақстанға бет бұрған біздің елімізде жаңару бастамасы ретінде БАҚ туралы заңға тың өзгерістер енгізу қолға алынып отыр. Мемлекет басшысы Қ.К. Тоқаев сөз бостандығына кепілдік, заң шеңберінде ақпарат алуға және таратуға мүмкіндік, БАҚ өкілдерінің құқын қорғау мәселелерін қарауды міндеттеп отыр. Бұл – сіздерге деген сенім және жүктелетін үлкен жауапкершілік - деп жазды ол.

Сонымен қатар вице-премьер БАҚ саласының қызметкерлері сыйлауға да, құрметтеуге де лайық екенін атап өтті.

Біз еліміздегі барлық БАҚ саласының қызметкерлерін өз ісіне деген адалдығы, оқиғаны талдаудағы әділдігі, өзекті мәселені көтерудегі батылдығы, ақыл алғырлығы, ой тереңдігі, сыни көзқарасы мен қатар іскерлік шапшаңдығы үшін сыйлаймыз, құрметтейміз. Сіздер, жаңалықтың жаршысы ретінде еліміздегі барлық болып жатқан оқиғалардың алғы шебінде жүріп, оқиғалардың түйінін шешіп, халықты өмірге қажет деректермен қамтамасыз ету арқылы Қазақстанның жаңа тарихын жазып жүрсіздер. Ақпараттық ашық әлемде өмір сүріп жатқан адамзат қоғамына уақытпен жарысар жылдамдықпен хабар жеткізіп жүрген барша бұқаралық ақпарат құралдары саласының өкілдеріне алғыс айтамын. Жазарларыңыз көп, қаламдарыңыз қуатты, сөздеріңіз өтімді, еңбектеріңіз жемісті болсын! Шабыт пен шығармашылық табыс тілеймін! - деді Ералы Тоғжанов.
Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға