Жаңалықтар

Тоқаев Луганск пен Донецкке қатысты пікір білдірді

 Тоқаев Луганск пен Донецкке қатысты пікір білдірді
18.06.2022 10:02 1225

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Санкт-Петербург Халықаралық экономикалық форумында Луганск пен Донецкке қатысты пікір білдірді, — деп хабарлайды El.kz сайты baq.kz - ке сілтеме жасап.

— Түрлі пікір бар, біздің қоғам ашық. Қазіргі заманғы құқық – бұл БҰҰ жарғысы. Бірақ, БҰҰ-ның екі ұстанымы бір-біріне қарама қайшы келеді – бұл мемлекеттің тұтастығы және ұлттың өз таңдауын жасауға құқығы. Егер солай болса, бұл ұстанымдар бір-біріне қарама-қайшы, түрлі түсіндірме бар, - деп атап өтті Қазақстан Президенті.

Мемлекет басшысының атап өтуінше, ұлттың өз таңдауын жасау құқығы жүзеге асырылатын болса, онда жер шарында 500-600 мемлекет пайда болар еді.

— Дәл осы себепті біз Тайваньды да, Косованы да, Оңтүстік Осетияны да, Абхазияны да мойындамаймыз. Демек, бұл принцип біздің көзқарасымызша квазимемлекеттік бірлестік саналатын Луганск пен Донецкке де қолданылатын болады, - деді Қасым-Жомарт Тоқаев.

 

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға