Теңіз кемесін басқарған қазақ қызы – Жадыра Қабылқызы

03.09.2020 9090


Қытай флотының ең айбарлы «Ляонин» теңіз кемесінің тізгінін қазақтың қаракөз қызы Жадыра Қабылқызы басқаратыны жайлы Қытайдың dy.163.com сайтында жария­лан­ған.

Жадыра Қабылқызы – ҚХР Шыңжаң өлкесінде дүниеге келген. Қытайдың Чанжи колледжінің экономика және менеджмент мамандығы бойынша оқуын аяқтаған соң 2015 жылы әскерге шақырылған. 

b77a7d2670603ce58a84cfc87ea5c1c0.jpg

Құрамында 2 мыңға жуық адамы бар, оның ішінде 520 офицер қызмет ететін 50-ге жуық ұшақ пен тікұшаққа аэродром болған, қыруар қару-жарақ тиеген әскери кеменің теңіз бен мұхиттағы еркін жүзуі Жадыра Қабылқызының шеберлігіне байланысты. 

– Менің жасымдағы нәзікжандылар көлік тізгіндей алады, ал мен алып теңізде кеме жүргізіп, дүлей дауылмен тайталасамын, – дейді Қытай журналистеріне берген сұхбатында Жадыра Қабылқызы. 

Жадыра компьютерлік есептеуге жүйрік, сондықтан кеменің қозғалыс траекториясын жылдам есептейді екен.

Ұқсас материалдар