Жаңалықтар

Тауар тасымалы қымбаттады – Әсел Назарбетова

Бұл туралы Нұр-Сұлтанда өткен халықаралық конференцияда айтылды
Тауар тасымалы қымбаттады – Әсел Назарбетова
Фото: Inform.kz 29.06.2022 14:54 1134

Елордада өтіп жатқан халықаралық конференцияда тауар тасымалының бірқатар тетіктері айтылды. ҚР Президенті жанындағы ҚСЗИ ғалым-хатшысы Әсел Назарбетова Орталық Азия елдерінде санкция салқыны сезіліп, тауар құны қымбаттағанын жеткізді, – деп хабарлайды El.kz.

Әсел Назарбетованың айтуынша, қазіргі басты мәселе – тауарларды тасымалдау. Санкцияға байланысты тауарлардың Ресеймен өтуі қиындаған. Сол себепті саяси институттар жаңа көлік дәліздерін ашып, сауда айналымына көңіл бөлмек.

– Қазақстан құрылықтағы мемлекет болғандықтан, теңізге шығу біз үшін өте күрделі мәселе. Сондықтан конференция аясында көлік дәліз жолдарын қарастырамыз. Біздің мақсат Каспий теңізі  арқылы Иран мен Түркия және т.б мемлекеттердің нарығына шығу. Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың Иран еліне сапары осы мәселесі шешу бағытындағы жұмыстың көрінісі. Ресейден бөлек, осы бағыт қарастырылып жатыр. Қытайдың да мәселесі күрделі. Өздеріңізге мәлім,  «бір белдеу – бір жол» жобасы толық жұмыс істемей тұр. Ол қазір балама ретінде теміржол, тас жолдар арқылы қарастырылып отырған жайы бар, - деді ҚР Президенті жанындағы ҚСЗИ ғалым хатшысы.

Спикердің айтуынша, Қазақстанда астық тапшылығы болмайды. Себебі астық тасымалдау ішкі нарықты қамтамасыз етіп, сыртқы нарыққа шығаруға да мүмкіндік бар.

– Қазақстанда астық қоры мол. Біз ішкі нарығымызды астық жағынан толық қамтамасыз етеміз. Сыртқа да тауар ретінде де сатуға немесе қажеттілік туындаған мемлекеттерге гуманитарлық көмек ретінде де жібере аламыз. Орталық Азия мемлекеттері бір-бірімізбен тауар алмасамыз, мәселелерді шешеміз, – деді халықаралық конференцияда Әсел Назарбетова.

Еске салайық, елордада ҚР Президенті жанындағы Қазақстанның стратегиялық зерттеулер институты «Жаңа геосаяси жағдайдағы Орталық Азия ынтымақтастығы: сын-қатерлері мен келешегі» атты халықаралық конференциясы өтіп жатыр.

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға