Жаңалықтар

Түркістан облысында қаржы пирамидасы әшкереленді

Фото: fingramota.kz
Түркістан облысында қаржы пирамидасы әшкереленді
08.06.2022 13:30 1726

Түркістан облысында «Не работа» атты қаржы пирамидасын ұйымдастыру дерегін анықталып, сотқа дейінгі тергеу жүргізіліп жатыр, деп хабарлайды El.kz Қаржылық мониторинг агенттігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Жедел-іздестіру іс-шараларын жүргізу барысында ұйымдасқан топ 2019-2021 жылдар аралығында кәсіпкерлік қызметті жүзеге асыру үшін тартылған қаражатты өз бағытына пайдаланбай, жеке тұлғалардан қаржылық пирамидаға активтерді тартуды қамтамасыз еткен.

Пирамидаға тартылған қаражат сомасы 80,5 млн теңгені құрады. Қазіргі уақытта тергеу амалдары жүргізілуде. ҚР Қылмыстық-процестік кодексінің 201-бабына сәйкес өзге мәліметтер жария етілмейді.

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға