Жаңалықтар

Су десеңіз суға, от десеңіз отқа түсеміз – Мақсат Толықбай

Су десеңіз суға, от десеңіз отқа түсеміз – Мақсат Толықбай
16.06.2022 17:17 2113

Ұлытаудағы Ұлттық құрылтай отырысына Қазақстанның беделді тұлғалары да қатысты, - деп хабарлайды El.kz.

– Әр аймақтан әр саланың мықтылары бүгін бір жерде бас қосып отырмыз. Баршаңызды көріп отырғаныма өте қуаныштымын. Көтерілген мәселелердің барлығы бірден аз уақыт ішінде шешілмейтінін білеміз. Аптасына бес рет тікелей эфирге шығамын. Қоғамдағы резонансты мәселелер, түйіткілді проблемаларды күн сайын шама-шарқым жеткенше айтып келе жатырмын. Сан алуан пікір бар, әр түрлі көзқарас бар. Сондықтан бізге ашықтық керек. Соңғы кездері мені бір нәрсе қыңжылтады. Бізді керітартпалық, бір беткейлік белен алып бара жатыр. Бір-бірін көре алмайтындар, жамандайтындар көбейді. Сол кезде мен ойлайтынмын, біз осы бір идеяның төңірегінде бас қосатын күн болар мекен деп. Құрылтайдың 100-ден аса мүшесі бар және әрқайсымыз жүз түрлі мәселе айтсақ оның барлығына құрылтайдың шамасы жетпейді. Сондықтан депутат Айдос мырза айтқандай, ең болмаса біз қоғамда талқыланып жатқан үш мәселені күн тәртібіне шығарсақ, оны заң жобасында шешсек. Үш мәселені шешудің өзі жеңіс. Өйткені қоғам қазір нақты өзгеріс күтеді, - деді Мақсат Толықбай.

Мақсат мырза Мемлекет басшысының Ұлттық құрылтайды шақырғанын қолдайтынын атап өтті.

– Жақында Президентіміздің бастамасымен ата заңымыздың 33 бабына өзгерту мен толықтырулар енгізілсе, оның өзі бір реформалардың басы деп білемін. Бірінші, билік пен халықты демократияландыру, құқықтық үстемдік орнату және саяси жүйені жаңғырту керек. Елімізде көзі жанып тұрған жастар бар. Сондықтан әлеуетімізді, потенциалымызды ел игілігі үшін жұмсауға дайынбыз. Су десеңіз суға, от десеңіз отқа түсеміз,- деді Мақсат Толықбай.

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға