Жаңалықтар

Өскеменде балалардың үстіне аялдама құлады

Қазіргі уақытта олар қалалық ауруханаға жатқызылған
Өскеменде балалардың үстіне аялдама құлады
Фото: yk-news.kz 28.06.2022 13:02 1942

Өскемен қаласында қатты желден екі баланың үстіне аялдама павильоны құлады, деп хабарлайды El.kz ҚазАқпарат тілшісіне сілтеме жасап.

Қалалық Тұрғын үй-коммуналық шаруашылығы, жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары бөлімінің мәліметінше, 27 маусымда қатты желдің салдарынан шаһар бойынша коммуникация сымдары үзіліп, ағаштар құлады. Тротуарлар мен қала көшелерін ағаштар, үлкен бұтақтар жауып қалды.

Сондай-ақ желден трамвайлар 3 бағытта уақытша қатынамады. Гагарин бульвары және Өтепов көшелеріндегі аялдама павильондары құлап, 10 және 12 жастағы екі қыз зардап шекті. Дәрігерлер қажетті медициналық көмек көрсетуде.

«Барлық жерге «Таза Өскемен» кәсіпорнының мамандары аттанды. 10 бригада арнайы техникалармен жолдарды, көшелерді тазартты. Гагарин бульвары аялдамасының павильоны «ҚазӘлем» атты мердігер компанияның кепілдігінде. Өтепов аялдамасына «Таза Өскемен» мекемесі қызмет көрсетеді. Осы екі жағдай бойынша жауапты ұйымдардың кінәсі бар-жоқтығын анықтау үшін ішкі аудит жүргізіледі», - делінген ақпаратта.

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға