Жаңалықтар

Өсімдіктерді пайдаланған бизнес субъектілеріне төлемақы енгізуді ұсынды

Өсімдіктерді пайдаланған бизнес субъектілеріне төлемақы енгізуді ұсынды
15.06.2022 10:51 1335

Экология, геология және табиғи ресурстар министрі Серікқали Брекешев Мәжілістің жалпы отырысында «Өсімдіктер дүниесі туралы» Қазақстан Республикасы заңының жобасын таныстырды деп, – хабарлайды El.kz сайты Baq.kz-ке сілтеме жасап.

Заң жобасының негізгі жаңалығы өсімдік әлемінің жекелеген түрлерінің айналысы саласында хабарлама жасау тәртібін белгілеу. Бұл отандық кәсіпкерлік субъектілерінің фармацевтикалық, азық-түлік және техникалық өнімдерді өндіру үшін өсімдік ресурстарын заңды негізде ұтымды пайдалану мүмкіндігіне ие болатынын білдіреді. Бұл шара шағын және орта бизнесті дамытуға, осы салаға инвестициялар тартуға, сондай-ақ бизнес субъектілерінің өсімдіктер дүниесін арнайы пайдаланғаны үшін төлемақы енгізуі есебінен мемлекеттік бюджеттің кірістерін ұлғайтуға мүмкіндік береді, - деді ол.

Министр атағандай, жеке тұлғалар жабайы жемістерді, жаңғақтарды, саңырауқұлақтарды, жидектерді, дәрілік шикізатты және өзге де өсімдік ресурстарын жеке және үйде пайдалану үшін өтеусіз негізде және рұқсат беру құжаттарынсыз жинауды жүзеге асырады.

 Жалпы алғанда, заң жобасы өсімдіктер дүниесі саласындағы жалпы мемлекеттік міндеттерді шешуді көздейді және «Өсімдіктер дүниесі туралы» заңның нормаларын толық іске асыру үшін Орман,  Жер,  Кәсіпкерлік, Салық кодекстеріне, сондай-ақ «Рұқсаттар және хабарламалар туралы», «Ерекше қорғалатын табиғи аумақтар туралы»  және  «Жайылымдар туралы» заңдарға түзетулер енгізу талап етіледі, - деді ол.

 


Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға