Жаңалықтар

СІМ ауған халқына көңіл айтты

СІМ ауған халқына көңіл айтты
23.06.2022 07:29 1035

Қазақстан Республикасының Сыртқы істер министрлігі ауған халқына көңіл айтты, деп хабарлайды EL.KZ министрліктің телеграм каналына сілтеме жасап.

Ауғанстанның шығысындағы жойқын жер сілкінісінің кесірінен елеулі адам шығынына байланысты ауған халқының қайғысына ортақтасамыз. Қазақстан халқы мен басшылығының атынан осы апаттан қаза тапқандар мен зардап шеккендердің отбасыларына шын жүректен көңіл айтамыз. Қалыпты тіршілікке тезірек оралуға тілектестік білдіреміз - делінген хабарламада.

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға