Жаңалықтар

Шымкентте түнде ата-анасының рұқсатынсыз жүретін жасөспірім көп

Шымкентте түнде ата-анасының рұқсатынсыз жүретін жасөспірім көп
23.06.2022 00:23 1751

Шымкентте жазғы демалыс басталғалы түнде серуендеп жүрген 150-ден астам бала анықталды, деп хабарлайды EL.KZ Ішкі істер министрлігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Жаз келгелі Шымкент қалалық ювеналдық полиция басқармасының инспекторлары кәмелетке толмағандар арасындағы құқық бұзушылықтың алдын алу жұмыстарын күшейтті.

Мәселен, 26 ​​мамырдан бері полиция қызметкерлері мегаполисте түнде заңды өкілдерінсіз үйден тыс жерлерде жүрген 155 жасөспірімді анықтады. Ал балаларының түнде серуендегені үшін ата-аналар жауапқа тартылады.

ҚР ӘҚБтК-нің 442-бабы 2-бөлігіне сәйкес 151 азаматқа түнгі сағат 23.00-ден 06.00-ге дейін көшеде жалғыз жүргені үшін ескерту жасалды. Осы баптың бірінші бөлігі бойынша түнгі сағат 22:00-ден 06:00-ге дейін жасөспірімдердің ойын-сауық мекемелерінде болғаны үшін төрт ата-ана жазаланды. Кәмелетке толмағандардың осы мекемелерде болуына жол бергендерге ҚР ӘҚБтК-нің 132-бабы бойынша айыппұл салынды.

Айта кетейік, кәмелетке толмаған баланы түнде ұстау кезінде полиция бөлімшесіне жеткізіліп, оның жеке басы анықталып, ата-анасына хабарланады. Егер ол ойын-сауық мекемесінде ұсталса, ата-анасына 3 АЕК көлемінде айыппұл салынады. Ал көшеде ұсталса, онда бірінші рет ескерту жасалады. Келесі жолы 7 АЕК көлемінде айыппұл салуға әкеп соғады.

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға