Жаңалықтар

Шілдеде еліміздің екі облысында құрғақшылық болуы мүмкін

Синоптиктердің мәліметінше, шілдеде ылғалдану жеткіліксіз деңгейде болады деп күтілуде
Шілдеде еліміздің екі облысында құрғақшылық болуы мүмкін
Фото: sn.kz 27.06.2022 19:40 1848

Қазгидромет шілде айында арналған құрғақшылыққа қатысты болжамын жариялады, деп хабарлайды El.kz

Статистикалық болжамға сәйкес, Ақтөбе облысының Әйтеке би, Қызылорда облысының Қармақшы және Қазалы аудандарында жауын-шашын аз жауады.

Алматы облысының Кербұлақ ауданында және Қонаев қаласында қоңыржай жаңбырлы жағдай болжанады.

Шілде айындағы құрғақшылық болжамы айдың бірінші онкүндігінде нақтыланады.

Бүкіл болжамдар ҚР Ауыл шаруашылығы министрлігіне тұрақты түрде ұсынылады, сондай-ақ www.agrodata.kz қосымшасында жарияланады.

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға