Жаңалықтар

Шілде айында қазақстандықтар 11 күн демалады

Қазақстан Республикасында ұлттық және мемлекеттік мереке атап өтілетін күндер елдің еңбек заңнамасына сәйкес мереке күндері саналады
Шілде айында қазақстандықтар 11 күн демалады
Фото: stan.kz 28.06.2022 19:25 2097

Шілде айында Қазақстан азаматтары әдеттегі сенбі мен жексенбі күндеріне қоса 1 күн демалатын болды, – деп хабарлайды El.kz порталы ҚазАқпаратқа сілтеме жасап.

«Қазақстан Республикасындағы мереке күндері туралы» заңға сәйкес, Қазақстан Республикасында ұлттық және мемлекеттік мереке атап өтілетін күндер елдің еңбек заңнамасына сәйкес мереке күндері саналады.

Биыл елорда күні - 6 шілде сәрсенбіге келіп тұр. Сондықтан бұл күні қазақстандықтар демалады. Мұнан бөлек, мұсылман күнтізбесі бойынша атап өтілетін Құрбан айт мерекесінің бірінші күні демалыс саналады.

Ал биыл бұл мереке шілде айының 9-ына, сенбіге күніне тұспа-түс келіп тұр.

Мемлекеттік немесе ұлттық мереке демалыс күніне (сенбі, жексенбі) келсе, демалыс күні бір күнге ұзартылады.

Құрбан айт діни мереке болғандықтан ол күн сенбі не жексенбіге келсе де, қосымша бір күн демалыс берілмейді. Демек, шілде айында қазақстандықтар жалпы 11 күн демалады.

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға