Жаңалықтар

Шиеліні шегіртке басып кетті

Нәтижесінде 4 мың 600 гектары саяқ шегірткеге қарсы химиялық өңдеуден өтті.
Шиеліні шегіртке басып кетті
25.06.2022 01:49 2231

Қызылорда облысы Шиелі ауданының 3 елді мекенінде саяқ шегіртке көбейіп кетті, деп хабарлайды EL.KZ ҚазАқпаратқа сілтеме жасап. 

Осы мақсатта тиісті сала мамандары зиянкестерге қарсы дәрі шашу шрасын жүргізді. Шиелі ауданында аталған бағытта 30 мың гектардай жер зерттелді. Нәтижесінде 4 мың 600 гектары саяқ шегірткеге қарсы химиялық өңдеуден өтті. 

Оған қоса шаруашылықтардың 5 мың гектарға жуық алқабына зиянкестерге қарсы препараттар себілді. Одан бөлек аса қауіпті азиялық шегірткеге қарсы шаралар да жоспарлы түрде жалғасуда. Бұл ретте аудан бойынша 12 мың 440 гектардан астам жер залалсыздандырылған. 

Ауданға қарасты Бестам, Еңбекші және Шиелі кентінде шегіртке көбейгені анықталды. Тиісті мекемелер улау шарасын дер кезінде жүргізді. Зиянкестер егінге ешқандай залалын тигізген жоқ, - деді Шиелі аудандық ауыл шаруашылығы бөлімінің басшысы Мұрат Әшірбеков. 

Еске салсақ, Қызылорда облысында биыл дерматомикоз ауруына шалдыққандар көбейді.

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға