Жаңалықтар

Шетелдіктер жеке сәйкестендіру нөмірін қалай алады

Қазір шетел азаматтарына ЖСН беру қызметі Халыққа қызмет көрсету орталықтарында ғана рәсімделеді, деп хабарлайды El.kz «Азаматтарға арналған үкіметке» сілтеме жасап.
Шетелдіктер жеке сәйкестендіру нөмірін қалай алады
14.06.2022 17:53 2915

Бұған дейін Қазақстанда азаматтығы жоқ адамдар аталған қызметті үшінші тұлғаға сенімхат беру арқылы egov.kz порталында онлайн ала алатын, ал қазір порталда бұл қызмет уақытша тоқтатылды.

Қызметті рәсімдеуге үш құжат жеткілікті:
- Белгіленген нұсқадағы өтініш;
- Шетелдік паспорт;
- Қызметті алушы атынан өкілі жүгінген жағдайда - нотариалды куәландырылған сенімхат.

Егер шетел азаматының паспортында аты-жөні мен туған жері кирилица немесе латын әріптерімен жазылмаса, құжаттың аудармасы (нотариалды куәландырылған) қажет. ЖСН алу қызметі тегін және 1 жұмыс күні ішінде дайын болады.

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға