Жаңалықтар

Шекарада бензин тасымалдаушы көліктер көбейген

Қазақ-қырғыз шекарасында бензин тасымалдайтын көлік құралдары саны көбейген, деп хабарлайды El.kz Ұлттық қауіпсіздік комитетіне сілтеме жасап.
Шекарада бензин тасымалдаушы көліктер көбейген
Фото: ҰҚК 14.06.2022 17:32 1542

Қазақстан Республикасы мен Қырғызстан Республикасындағы жоғары сұранысқа ие бензин маркалары құн айырмасының нәтижесінде, қазіргі уақытта Қазақстан-Қырғызстан шекарасында шекара арқылы жанар-жағармай материалдарын (бензин) тасымалдаушы автокөлік құралдары санының ұлғайғаны байқалуда. Оның барысында тасымалдау ережелерінің бұзылуы да тіркелуде. Тасымалдаушылардың осы санатына қатысты мемлекеттік шекараны кесіп өту жиілігіне шектеудің болмауы өткізу пункттеріне жүктемені едәуір арттырады және шекаралық өткелдерге тікелей жақын жерде автокөлік құралдарының жиналуына алғышарттар тудырады, - делінген хабарламада.

Бұдан басқа, жанар-жағармай тасымалдау үшін жеке автокөлікті пайдаланатын азаматтар көбіне қауіпсіздік ережелерін ескермейді, өз кезегінде бұл қайғылы салдарға әкелуі мүмкін. Шекара қызметі қайғылы жағдайлардың алдын алу мақсатында аталған тәсілмен жанар-жағармай тасымалдау әрекетінен бас тартуды ұсынады.


Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға