Жаңалықтар

Шекара қызметінің бұрынғы директоры ұсталды

Ол билікті асыра пайдалану фактісі бойынша ұсталды.
Шекара қызметінің бұрынғы директоры ұсталды
Фото: baq.kz 22.06.2022 20:04 1917

Ұлттық қауіпсіздік комитеті төрағасының орынбасары – Шекара қызметінің директоры болған генерал-лейтенант Дархан Ділманов билікті асыра пайдалану фактісі бойынша ұсталды, деп хабарлайды El.kz ҰҚК баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

«2022 жылғы 22 маусымда Ұлттық қауіпсіздік комитеті Қазақстан-Қытай шекара бекеттерінде анықталған билікті асыра пайдалану фактілері бойынша жүргізіп жатқан сотқа дейінгі тергеу шеңберінде бұрынғы ҰҚК Төрағасының орынбасары – Шекара қызметінің директоры генерал-лейтенант Д.А. Ділманов, Шекара қызметі Алматы облысы бойынша департаменті «Нұр Жолы» шекара бақылау бөлімінің бастығы майор Н. Арысбаев және басқа да адамдар ұсталып, уақытша ұстау изоляторына қамалды», - делінген хабарламада.

Өзге ақпарат тергеу мүддесіне сай жарияланбайды.

Айта кетейік, 5 сәуірде Мемлекет басшысының өкімімен Дархан Айтқалиұлы Ділманов Қазақстан Республикасы Ұлттық қауіпсіздік комитеті Төрағасының орынбасары – Шекара қызметінің директоры лауазымынан босатылған еді.



Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға