Жаңалықтар

«Сергек» жобасы 2023 жылдың соңында аяқталады

Бірақ, оны одан ары белсенді түрде жүзеге асыру қажеттілігі бар.
«Сергек» жобасы 2023 жылдың соңында аяқталады
01.07.2022 02:21 1924

Нұр-Сұлтан қалалық мәслихатының депутаты Алмат Жүнісов елорданың видеофиксация жүйесінде орын алып отырған проблемаларды көтерді, деп хабарлайды El.kz.

– «Сергек» фото-видеофиксация аппараттық-бағдарлама кешенін құру және пайдалану жөніндегі мемлекеттік-жекешелік әріптестік жобасын жүзеге асыру жол-көлік оқиғасымен байланысты өлім-жітімді, қоғамдық орындардағы қылмысты төмендетуге мүмкіндік берді. Бірақ, оны одан ары белсенді түрде жүзеге асыру қажеттілігі бар. Тұрғындардан елорданың тұрғын үй алаптарына камералар орнатуға қатысты өтініштер көптеп түсіп жатыр, – деді Алмат Жүнісов қалалық мәслихат отырысында.

Оның атуынша, түнгі уақытта жұмыс істеп тұратын камераларға қатысты проблема бар.

– Бұған қоса, камералар ең алдымен жолдардың қауіпті учаскелерінде, қиылыстарда, апат жиі орын алатын учаскелерде орнатылуы тиіс. «Сергек» жобасы бойынша қолданыстағы келісімшарт мерзімінің 2023 жылдың желтоқсанында аяқталатындығына байланысты құрал-жабдықтарға түгендеу жүргізу, олардың болжамды қызмет көрсету мерзімін белгілеу, жергілікті бюджетке алдағы уақытта қосымша жүктемеге жол бермеу мақсатында техникалық жай-күйін анықтау қажет. Сонымен қатар жобаның аяқталатындығын ескере отырып, жаңа жобаны оны кеңейту әрі жаңғырту мүмкіндігімен әзірлеу керек, – деді депутат.





Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға