Жаңалықтар

Сенаттың Әлеуметтік-мәдени даму және ғылым комитетінің төрағасы сайланды

Палата депутаттары Әлеуметтік-мәдени даму және ғылым комитетінің төрағасы қызметіне Нариман Төреғалиевтің кандидатурасын қолдады.
Сенаттың Әлеуметтік-мәдени даму және ғылым комитетінің төрағасы сайланды
Фото: kazgazeta.kz 23.06.2022 10:56 1591

Депутат Нариман Төреғалиев Сенаттың Әлеуметтік-мәдени даму және ғылым комитетінің төрағасы болып сайланды, деп хабарлайды El.kz ҚазАқпарат тілшісіне сілтеме жасап.

«Комитеттің төрағасы қызметіне сенатор Нариман Төреғалиевтің кандидатурасын ұсынамын. Н. Төрағалиев Жамбыл гидромелиоративтік-құрылыс институтын бітірген, мамандығы – экономист. Батыс Қазақстан облысының бірқатар шаруашылықтарында жемісті жұмыс істеді. Орал қаласының әкімі болды. 2017 жылы алтыншы шақырылған Қазақстан Республикасы Парламенті Сенатының депутаты болып сайланды. Сенаттың тұрақты комитетінің хатшысы. Біз Нариман Төрағалиевті іскер ұйымдастырушы, талапты жетекші, жауапты маман ретінде жақсы білеміз. Азаматтық ұстанымы жоғары, әлеуметтік-мәдени және ғылым саласына қатысты мәселелерге барынша жетік», - деді сенатор. Нұртөре Жүсіп палатаның жалпы отырысында.

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға