Жаңалықтар

Әр салада жетістікке жеткен әйелдер

Офтальмолог, тергеуші, өрт сөндіру бөлімінің радиотелефонисі
Әр салада  жетістікке жеткен әйелдер
06.03.2022 11:18 6131

«Әйел – бір қолымен бесікті тербетсе, екінші қолымен әлемді тербетеді» деген сөз бар. Мұның астарында әйел адамның кез-келген ауқымды істерге араласа алатынын, үлкен нәтижелерге қол жеткізетінін аңғара аламыз. Себебі, қоғамның түрлі салаларындағы жетістіктерде әйелдердің үлесі бар екені рас. Бүгін біз Нұр-Сұлтан қаласы бойынша үздіктердің қатарынан көрінген әйелдер туралы айтатын боламыз.

Әр салада  жетістікке жеткен әйелдер

Көзге күрделі оталар жасайтын дәрігер

Елімізде табысты, сымбатты, жетістікке жеткен дәрігер әйелдер көп. Солардың бірі Нұр-Сұлтан қаласындағы № 2 көпбейінді қалалық аурухананың жоғары санатты офтальмолог дәрігері – Ботагөз Рамазанова. Кейіпкеріміз Ақмола мемлекеттік медицина академиясының түлегі. «Көз аурулары» мамандығы бойынша клиникалық ординатураны тәмамдаған. 2010 жылы кандидаттық диссертациясын қорғаған офтальмолог «Глаукома», «Катаракты факоэмульсификация мен көз микрохирургиясы», «Офтальмологиядағы функционалдық диагностика әдістері» тақырыптары бойынша мамандандырудан өткен.

Әр салада  жетістікке жеткен әйелдер

(Суретте: Нұр-Сұлтан қаласы әкімдігінің  2 көпбейінді қалалық ауруханасының жоғары санатты офтальмолог дәрігері Рамазанова Ботагөз )

–Мамандықты өзім таңдаған жоқпын. Мен алғашында Назарбаев Университетінің Филология факультетінде оқып жүрдім. Анамның қалауы бойынша медицинаға келдім. Себебі отбасында бес баламыз. Анам үнемі әр отбасын бір дәрігер керек деп айтатын. Бірақ ата-анам үнемі не істесең де, адал істе деп үйреткен. Міне 20 жылдан бері адалдықты ту етіп, науқастардың көз жанарын емдеуге өз үлесімді қосып келемін,– дейді дәрігер офтальмолог.

Ботагөз Айтбайқызы маман ретінде 40-тан асқан адамдарға міндетті түрде   жылына бір рет көзін тексеруге кеңес береді. Ол жыл сайынғы скрининг болып табылады. Ал егер де балаларыңыз көзілдірік немесе контактілі линза тағатын болса, онда жарты жылда бір рет тексеріліп отыру керек.

Әр салада  жетістікке жеткен әйелдер

– Қосымша ауруларыңыз болса, арнайы мамандарға барып емделгеннен кейін, олар өздері қашан көз дәрігеріне тексерілу керек екенін айтып отырады, — дейді офтальмолог дәрігер Ботагөз Рамазанова.

Маман көз күтімі, көздің ішкі қысымының жоғары көтерілуінен болатын созылмалы көз ауруы глаукома туралы пайдалы кеңестерімен бөлісті.

Әр салада  жетістікке жеткен әйелдер

Ботагөз Айтбайқызы бүгінде жиі кездесетін көз ауруларының біріне катаракта жататынын айтты. Офтальмолог глаукоманы зерттеумен айналысады. Глаукома ұзақ уақыт бойы көз ішілік қысымның артуы есебінен көру нервісінің зақымдануынан орын алады.

— Әлемде глаукома ауруына қатысты қандай жаңалықтар барын қарап, бақылаймыз. Жиі конгресстерге шығып отырамыз. Республика бойынша дәрістер оқимын, – дейді кейіпкеріміз.

Сонымен қатар Ботагөз Айтбайқызы глаукома мектебіне дәрістер дайындайды. Офтальмолог дәрігерлердің біліктілігін арттыру үшін аталған мектепте курс өткізеді.

Әр салада  жетістікке жеткен әйелдер

Маман көзілдірік немесе линзаға қатысты сұрағымызға:

– Бір науқастарға көзділдірік ыңғайлы болса, екіншілері линзамен жүргенді жөн көреді. Негізі бүгінгі таңда ең танымалы – лазерлі оталар. Бірақ оның соңы неге алып келетінін біз білмейміз. Менің науқастарға үнемі айтатын кеңесім – егер сіздің көзіңіздің көру жиілігі– 10 немесе астигматизм болса, ота жасатуға болады. Бірақ -1,-3 көру жиілігі болған кезде контактілі линза таққан жақсы. Сонымен қатар бүгін барлығы дамыған заман. Түнде киетін линзалар бар. Оны ғылымда кератология деп атайды. Көзге коррекция жүргізудің бұл әдісі көзіңізге жақсы көмектеседі. Бірақ та барлығына келе бермейді,  — дейді көз дәрігері.

Офтальмолог көздің көруін жақсарту үшін түпнұсқалы дәрілік заттарды қолдануға кеңес берді.

— Бүгінде дәрілердің түрлері өте көп. Мен науқастарға үнемі дәрігер жазып берген препараттарды алуын қадағалаймын, — дейді маман.

   Глаукома – емделмейтін ауру

Глаукома дүниежүзілік статистика бойынша екінші орында тұрған жиі кездесетін көз ауруы болып табылады.

– Глаукомамен әр түрлі жастағы науқастар келеді. Ең жиі келетін науқастар 50 жастан асқан кісілер. Глаукома – емделмейтін ауру. Бірақ та оны тоқтатуға, бір қалыпта ұстап тұруға болады. Оның диагностикасын ертерек өткізіп, емді тез арада бастаған жөн. Науқас глаукомаға жасалынған отадан кейін де ауыра береді. Ота тек көздің қысымын түсіру үшін ғана жасалынады. Сіз көздің көруін қайтара алмайсыз. Сонымен бірге бүгінде көз қысымын түсіруге арналған тамшылар бар. Ол да сізге отасыз көмектеседі – деп кеңес берді дәрігер офтальмолог.

   Өрт сөндіру бөлімінің үздік радиотелефонисі

Әсел Серікбайқызы Нұр-Сұлтан қаласындағы №2 мамандандырылған Өрт сөндіру бөлімінің радиотелефонисі. Ол аталған бөлімде 2017 жылдан бастап қызмет етеді. «Өмір қауіпсіздігінің негіздері» мамандығын аяқтаған кіші сержант өткен жылы Нұр-Сұлтан қаласы бойынша Өрт сөндіру бөлімшелерінің ішінде ең үздік радиотелефонист болып танылған.

Әр салада  жетістікке жеткен әйелдер

(Суретте: Нұр-Сұлтан қаласындағы №2 мамандандырылған Өрт сөндіру бөлімінің радиотелефонисі Әсел Серікбайқызы)

– Жұмыс күні бір тәулік жұмысқа түсіп, үш тәулік демаламыз. Таңертең тәуліктік жұмысқа түскенде өткен тәулікте жұмыс істеген радиотелефонистің жұмысын толығымен қабылдап аламыз. Оның ішінде маңызды қандай төтенше жағдайлар орын алғаны туралы ақпаратты қабылдаймыз. Басшылардың тапсырмаларын айтып, толығымен барлығын тексеріп, радцияларымызды қабылдап жұмысқа дайындаймыз. Одан кейін таңғы уақытта сап түзеу болады, – дейді кіші сержант Әсел Серкебаева.

Әр салада  жетістікке жеткен әйелдер

Радиотелефонист жұмыс орнынан тәулік бойына тапжылмай 101 орталығынан келіп түскен хабарды уақытылы алып, жауап беріп отырады. Өрт сөніруге техника мен өрт сөндірушілерді жібереді. Тәулік бойы орын алған хабарды басшылар мен жауапты қызметкерлерге жеткізіп отырады.

Әр салада  жетістікке жеткен әйелдер

– Маған өз жұмысым ұнайды. Бізде ер адам немесе әйел деп бөлінбейміз. Ең бастысы жұмысымыз адам өмірімен байланысты болғандықтан әркез жауапты болуың керек. Адамдарға деген біздің көмегіміз, үлкен өрт болған кезде, адам құтқарылған кезде бойыңды ерекше мақтаныш сезімі кернейді. Екіншіден маған жұмыс кестесі ұнайды. Мектеп оқитын балаларыма, отбасыма ыңғайлы, – дейді радителефонист.

   Тегеуріні мықты тергеуші

Айгерім Еркінқызы Нұр-Сұлтан қаласы ПД Алматы аудандық ПБ Тергеу бөлімінің аға тергеушісі. Ішкі істер органдарында 12 жылдан астам уақыттан бері қызмет атқарып келеді. Тәртіп сақшысы ең алғаш қызметін кәмелетке толмағандар ісі жөніндегі инспектор болып бастаған. Одан кейін төрт жыл анықтаушы болып қызмет атқарады.

– Бала күнімен әкемнің ағасы мен анамның інісі Ішкі істер органдарында қызмет еткеннен соң тәртіп сақшысы болуды армандадым. Соларға қарап адамдардың құқықтары мен бостандықтарын қорғауды жөн санадым, – дейді кейіпкеріміз.

Соңғы үш жылда аймақтық қадағалау-бақылау бөлімінде қызмет етін аға тергеуші осыған дейін қылмыстық істерді тергеумен айналысқан.

– Жеке тұлғаларға қатысты қылмыстарды тергеу тобында қызмет еттім. Ұрлық, адам өлтіру, тонау, адам өлтіру және алаяқтық істерін тергедік. Сегіз жылдың ішінде көптеген істі тергеп, сотқа жолдадым, – дейді аға тергеуші.

Әр салада  жетістікке жеткен әйелдер

(Суретте: Нұр-Сұлтан қаласы ПД  Алматы аудандық ПБ Тергеу бөлімінің  аға тергеушісі Айгерім Еркінқызы)

Айгерім Еркінқызының айтуынша қылмыстық істі ашуға әр түрлі уақыт кетеді екен. Ол жүргізілетін сараптамамен тікелей байланысты.

– Сараптама ең қысқа дегенде бір ай жүргізіледі. Негізі істің тергелуі екі ай мерзім болып табылады. Ары қарай күрделі істер болған жағдайда прокуратураның келісімен 9-10 айға дейін созылған істер болады. Кей кездері қылмыстық істі тергеу барысында ашылатын қылмыстар болады. Күдіктілерден сұрақ қойып, жауап алып жатқанда тергеу жолымен кей қылмыстар ашылып жатады. Ол ұрлық пен алаяқтық, адам өлтіру және басқа да кез келген іс болуы мүмкін, – дейді тергеуші.

Айгерім Еркінқызы Ішкі істер министрінің, Полиция департаменті басшылығынан алған марапаттары бар. Оның барлығы тергеушінің еңбегі мен табандылығының арқасы деп білеміз.

Көктем мерекесі қарсаңында заң шеңберінен аспай, адамдардың құқықтары мен бостандықтарын сақтау жолында қызмет етіп жүрген тергеушіге сәттілік тілейміз.

    Суреттерді түсірген: Бақытжан Батырханұлы, Жалғасбек Тоқтамысов

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға