Жаңалықтар

Президент Шетел инвесторлары кеңесінің жаңа мүшелерін таныстырды

Фото: Baq.kz
Президент Шетел инвесторлары кеңесінің жаңа мүшелерін таныстырды
09.06.2022 17:48 1258

ҚР Президенті жанындағы Шетелдік инвесторлар кеңесінің 34-жалпы отырысында Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев кеңестің жаңа мүшелерін таныстырды, деп хабарлайды El.kz.

«Сіздерді кеңестің жаңа мүшелерімен таныстырғым келеді. Олар Бела Ференци, Гэри Нейгл, Уве Кнотцер, Николя Террас, Кирсти Хелен Уилсон, Вадим Воробьев, Тицуя Шинохара», - деді Президент.

Сонымен қатар Мемлекет басшысы Шетел инвесторлары кеңесінің байқаушыларын да таныстырып өтті.

«Кеңестің бақылаушылары ретінде Франсуа Жаков, Мишель Симонс және Лоренцо Симонеллиді де атап өткім келеді» - деді Қасым-Жомарт Тоқаев.

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға