Жаңалықтар

Президент Koç Holding компаниясының басқарма мүшесін қабылдады

Қасым-Жомарт Тоқаев Koç Holding компаниясының қазіргі жұмысымен танысты
Президент Koç Holding компаниясының басқарма мүшесін қабылдады
27.06.2022 19:22 1149

Президент Koç Holding компаниясының басқарма мүшесі Али Кочты қабылдады, деп хабарлайды El.kz Ақордаға сілтеме жасап.

Қасым-Жомарт Тоқаев Koç Holding компаниясының қазіргі жұмысымен, сондай-ақ Қазақстандағы бірлескен жобаларды жүзеге асыру жоспарымен танысты.

Али Кочтың айтуынша, түркиялық холдинг қорғаныс өнеркәсібі мен ауыл шаруашылығы саласында бірқатар жобаны жүзеге асыруға ниет білдіріп отыр.

Мемлекет басшысы Түркиямен арадағы ынтымақтастықтың еліміз үшін аса маңызды екеніне тоқталып, Қазақстанда жұмыс істейтін инвесторларға мемлекет тарапынан әрдайым қолдау көрсетілетінін айтты.

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға