Жаңалықтар

Пойыз билетін жеңілдікпен сатып алуға болады

Пойыз билетін жеңілдікпен сатып алуға болады
Фото: sknews.kz 16.06.2022 12:55 2531

15 маусымынан бастап «Жолаушылар тасымалы» АҚ әлеуметтік маңызы бар бағыттарға пойызбен жиі саяхаттайтын жолаушылар жаңа «Күміс» дисконттық картасымен билет құнының 25% үнемдей алады, деп хабарлайды El.kz Қазақстан темір жолы компаниясының баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

«Күміс» дисконттық картасының құны – 7999 теңге. Оның жарамдылық мерзімі – іске қосылған сәттен бастап бір жыл. Дисконттық картаны «Жолаушылар тасымалы» АҚ билет кассаларынан сатып алуға болады. Ол дербес болып табылады және 16 жастан асқан жолаушыларға арналған. билеттерді офлайн/онлайн сатып алу кезінде картаны пайдалануға болады.  Жоба пилоттық болғандықтан, карталар саны шектеулі. Билеттер тек бір жеңілдік тарифтік шарты бойынша сатылады және басқа жеңілдікті тарифтік шарттармен жинақталмайды. Жеңілдігі бар жолаушыларды теміржол билеттерін ресімдеу және сатып алу кезінде мұқият болуды және «жеңілдіктер» немесе «төмен бағалар» санатын дұрыс таңдауды сұраймыз. Сондай-ақ, «Алтын», «Саяхатшы» және «Жастар» дисконт карталарының бар екендігін еске саламыз, делінген хабарламада.

Жеңілдік 38 бағыт бойынша қатынайтын пойыздарға ғана жарамды. Бағыттардың тізімі туралы толығырақ сайттан білуге болады. Сондай-ақ барлық қосымша ақпаратты «Жолаушылар тасымалы» АҚ билет кассаларында дисконттық картаны ресімдеу және сатып алу кезінде нақтылауға болады.

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға