Жаңалықтар

«Парламент сөзі» сыйлығының жеңімпаздары марапатталды

«Үздік интернет және радио материалы үшін» номинациясын «Baq.kz» ақпараттық агенттігінен Жаубай Ержан иеленді.
«Парламент сөзі» сыйлығының жеңімпаздары марапатталды
27.06.2022 23:10 2064

Мәжіліс журналистерге арналған «Парламент сөзі» сыйлығының қорытындысын жариялап, арнаулы аталымдар бойынша жеңімпаздарды марапаттады, деп хабарлайды EL.KZ мәжілістің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Құрамында Мәжіліс депутаттары мен мемлекеттік органдар өкілдері кіретін комиссия шешімі бойынша осы жылы жеңімпаздар жеті аталым бойынша сайысқа түсті. Биыл парламенттік сыйлық алтыншы рет тапсырылып отыр.

Мәжіліс төрағасы Ерлан Қошанов «Парламент сөзі» сыйлығының жеңімпаздарына, сондай-ақ барша бұқаралық ақпарат құралдары өкілдерін кәсіби мерекемен құттықтап, бүгінде Мәжіліс жұмысы ашықтыққа негізделгенін айтап өтті.

Президент бастаған «Жаңа Қазақстанның» басты принципі де – ашықтық. Біз оны жақсы түсінеміз. Ал ашықтық пен жариялылықтың негізгі ол, әрине – бұқаралық ақпарат құралдары. Халық пен билік арасындағы көпір сіздерсіздер. Бұл – жауапкершілігі мол, бірақ абыройлы міндет, – деді Палата спикері.

Іс-шарада «Үздік баспа жарияланымы үшін» номинациясын «Егемен Қазақстан» газетінің тілшісі Отар Абай Асанкелдіұлы, «Время» газетінің тілшісі Ғани Тоғжан Ғаниқызы, «Үздік телевизиялық сюжет үшін» номинациясын «Аstana» телеарнасының тілшісі Гладкова Яна Олеговна, «Хабар 24» телеарнасынан Сұлтанқұлова Назерке Әбдірахманқызы иеленді.

Ал «Үздік бейне-сурет материалы үшін» номинациясы «Qazaqstan» телеарнасынан Жағиев Советхан Жағиұлына, «Informburo.kz» мультимедиялық, ақпараттық-сараптамалық порталының фотографы Ставрианиди Герард Михайловичқа табысталды.

Сонымен қатар «Үздік интернет және радио материалы үшін» номинациясын «Tengrinews.kz» инернет ресурсының тілшісі Смаиыл Мейирим Николаевна, «Қазақ радиолары» ЖШС-ның «Парламент сағаты» бағдарламасының авторы әрі жүргізушісі Байдрахманов Алмас Хасенұлы, «Baq.kz» ақпараттық агенттігінен Жаубай Ержан иеленді.

«Арнайы репортаж» номинациясы бойынша «Еуразия» бірінші арнасынан Рамазанова Гульфариза Базыловна, «Азаттық рухы» ақпараттық агенттігінің тілшісі Гринько Кристина Игоревнаға, Қазақстан Республикасы Президентінің Телерадио кешенінің режиссері Көмекбаева Сәуле Әбдығаппарқызына табысталды.

«Парламенттік журналистиканы дамытуға қосқан үлесі үшін» номинациясын «Айқын» газетінің бас редакторы Құрмет Аманкелдіге, «ТДК – 42» арнасынан Әбілдинова Әселім Қалкенқызына берілді.

Сондай-ақ «Парламент сөзі» арнайы сыйлығы номинациясын «ҚазАқпарат» халықаралық ақпарат агенттігі мен «31 арнаға» табысталды.

Жеңімпаздар номинация атауы мен аты-жөндері жазылған мүсіншемен және арнайы дипломмен марапаттады.

Айта кету керек, Мәжіліс «Парламент сөзі» сыйлығының иегерлері үшін мүсіншенің дизайны өзгертілді. Жаңа мүсін мөлдір әйнектен жасалған. Бұл Мәжілістің ашықтығын және мұнда қабылданатын барлық шешімдердің жариялылығын білдіреді.

Журналистерге арналған «Парламент сөзі» сыйлығында 2016 жылдан бері 69 лауреаттың есімі анықталды. Биыл 7 номинация бойынша тағы 16 жеңімпаз марапатталды.

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға