Жаңалықтар

Осы аптада Президенттің қатысуымен өтетін іс-шаралар кестесі

Осы аптада Президенттің қатысуымен өтетін іс-шаралар кестесі
20.06.2022 10:46 1645

Ақорда осы аптада мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың қатысуымен өтетін іс-шаралар кестесін ұсынды деп хабарлайды,- El.kz сайты AkordaPress-ке сілтеме жасап.

21 маусымда Мемлекет басшысы Ақордада Қазақстан шахмат федерациясының өкілдерімен және отандық танымал шахматистермен кездеседі.

23 маусымда Қасым-Жомарт Тоқаев Қазақстан полициясының 30 жылдығына арналған салтанатты іс-шараға қатысады.

24 маусымда Президент Қасым-Жомарт Тоқаев ҚХР Төрағасы Си Цзиньпиннің шақыруымен Жаһандық даму жөніндегі жоғары деңгейдегі «БРИКС+» диалогының саммитінде бейнебайланыс арқылы сөз сөйлейді.

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға