Жаңалықтар

Нью-Йорктің Халықаралық істер жөніндегі комиссары еліміздің этносаралық келісімне жоғары баға берді

Нью-Йорктің Халықаралық істер жөніндегі комиссары еліміздің этносаралық келісімне жоғары баға берді
30.06.2022 03:13 1059

Қазақстанның АҚШ-тағы Елшілігі мен Этникалық өзара түсіністік қорының (ЭТҚ) бастамасымен Нью-Йорк қаласының мэриясында Әлемдік және дәстүрлі діндер лидерлерінің съезіне арналған дөңгелек үстел өтті, деп хабарлайды EL.KZ елшіліктің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Іс-шараға Нью-Йорк қаласының Халықаралық істер жөніндегі комиссары Эдвард Мермелштейн, ЭТҚ Президенті Марк Шнайер, ҚР Бас раввині Ешая Коген, ҚДМБ мен Бахаи және басқа да діни бірлестіктердің, сондай-ақ ҚР және АҚШ үкіметтік емес ұйымдардың өкілдері қатысты.

Э. Мермелштейн өз сөзінде Нью-Йорк сияқты көпұлтты және көпконфессиялы қала үшін қазақстандық этносаралық және дінаралық келісімнің үлгісі практикалық қызығушылық тудыратынын атап өтті. Осы тұрғыда Съезд түрлі конфессия өкілдері арасында диалог құру үшін жан-жақты алаң ретіндегі қызметін ерекше атап өтті.

М. Шнайер Қазақстанмен жылы, сенімді ынтымақтастық туралы, сондай-ақ дөңгелек үстелге діни өкілдерінің арасындағы айырмашылықтарға қарағанда, ортақ құндылықтардың көпшілігіне ерекше назар аударды. Бұл ретте қазақстандық діни бірлестіктердің өкілдері америкалық серіктестерді өз ұйымдарының қызметі мен міндеттерімен таныстырды.

Дөңгелек үстелге қатысушылар қазақстандық этносаралық және конфессияаралық келісім моделін талқылап, діни бірлестіктер өкілдерінің арасында ашық диалог құру арқылы дін бостандығын ілгерілетудегі Съездің ерекше белсенділігін атап өтті.

Сонымен қатар Қазақстанда өтетін VII Съездің презентациясы өтіп, оның барысында Конфессияаралық және өркениетаралық диалогты дамыту жөніндегі Н.Назарбаев орталығының басқарма төрағасы Булат Сәрсенбаев Съезге дайындық барысымен және Орталықтың жұмысымен таныстырып өтті. «Діндер бейбітшілік үшін» ҮЕҰ бас хатшысы Аза Карам алдағы іс-шараға қатысатынын қуаттай отырып, алаңның бірегейлігін және қазақстандық тараппен одан әрі ынтымақтастыққа дайын екенін атап өтті.

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға