Жаңалықтар

Нұрсұлтан Назарбаев Владимир Путинмен кездесті

Қазақстанның Тұңғыш Президенті Ресей Федерациясының Президенті Владимир Путинмен кездесті, деп хабарлайды El.kz elbasy.kz сайтына сілтеме жасап.
Нұрсұлтан Назарбаев Владимир Путинмен кездесті
13.06.2022 13:02 1448

Нұрсұлтан Назарбаев Ресей Федерациясының Президенті Владимир Путинмен кездесіп, елдің ұлттық мерекесі – Ресей күнімен құттықтады.

Кездесуде Қазақстанның Тұңғыш Президенті мен Ресей Федерациясының Президенті екі ел арасында қарым-қатынас орнағанына 30 жыл толуына орай бір-біріне жылы лебіздерін жеткізді. Тараптар Қазақстан мен Ресей ынтымақтастығы тең дәрежедегі диалог негізінде дамып келе жатқанын атап өтті.

Нұрсұлтан Назарбаев пен Владимир Путин бір-біріне мықты денсаулық және амандық тілеп, арадағы достық байланыс алдағы уақытта да Қазақстан мен Ресей халықтарының игілігі үшін жалғасын табады деген сенім білдірді.

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға