Жаңалықтар

Нұр-Сұлтанда жалдамалы пәтерге құжат қабылдау басталды

Нұр-Сұлтанда жалдамалы пәтерге құжат қабылдау басталды
Фото: baq.kz 15.06.2022 17:08 1207

Елордада тұрғын үй орталығы халықтың әлеуметтік осал топтарына арналған сатып алу құқығынсыз жалға берілетін тұрғын үйге құжат қабылдауды бастады, деп хабарлайды El.kz

Халықтың әлеуметтік жағынан осал топтарына келесі санаттар жатады:

1) ҰОС ардагерлері;
2) жеңілдіктер бойынша ҰОС ардагерлеріне теңестірілген ардагерлер;
3) басқа мемлекеттер аумағындағы ұрыс қимылдарының ардагерлері;
4) 1 және 2 топтағы мүгедектер;
5) мүгедек балалары бар немесе оларды тәрбиелеуші отбасылар;
6) кейбір созылмалы аурулардың ауыр түрлерімен ауыратын адамдар;
7) жасына байланысты зейнеткерлер;
8) жетім балалар;
9) қандас;
10) экологиялық зілзалалар салдарынан тұрғын үйінен айырылған адамдар;
11) қызметтік міндеттерін атқару кезінде қаза тапқан (қайтыс болған) адамдардың отбасылары;
12) толық емес отбасылар.

Құжаттарды қабылдау тек электронды түрде көрсетілген кезеңде qatysu.zhilfond.kz порталы арқылы жүргізіледі;

Шарттары: «Халықтың әлеуметтік жағынан осал топтары» немесе «Жетім балалар» санаты бойынша Нұр-Сұлтан қаласында тұрғын үй кезегінде тұру.

Іріктеу кезекке қойылған күнге сәйкес жүргізіледі және отбасының құрамы ескеріледі.

Қатысуға өтінімдерді кезекке тұрған барлық жылдағы (2006-2022) кезекте тұрғандар бере алады, алайда қатысуға өтінім бергендердің арасында кезекке тұрған 2009-2010 жылдардағы кезекте тұрғандар іс жүзінде өтедіге мүмкішдіңтері көбірек.

Өтініш беру үшін сізге:
1) ЭЦҚ кілті;
2) Отбасының барлық мүшелеріне ел бойынша жылжымайтын мүліктің болмауы немесе болуы туралы анықтаманың сканерленген нұсқасы;
3) Балалардың туу туралы куәліктерінің/отбасы мүшелерінің жеке куәлігі (болған жағдайда) сканерленген нұсқасы;
4) Неке қию /некені бұзу /әке болуды анықтау туралы куәліктің /№4 нысан /қайтыс болу туралы куәлік (болған жағдайда) сканерленген нұсқасы;
5) Жылжымайтын мүліктің құқық белгілейтін құжаттарының (болған жағдайда) сканерленген нұсқасы;
6) Мүгедектік туралы анықтаманың (болған жағдайда) сканерленген нұсқасы;
7) Созылмалы аурудың толық атауы, жеке бөлмеге мұқтаждығы және белгілі бір қабаты көрсетілген созылмалы аурудың медициналық қорытындысының (болған жағдайда) сканерленген нұсқасы.

Өтініштерді қарастыру нәтижелері туралы кейінірек zhilfond.kz және www.gov.kz сайттарында және тұрғын үй орталығының әлеуметтік желілерінде жарияланатын болады.

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға