Жаңалықтар

Нұр-Сұлтанда балалар кинокөрсетілімдерге тегін бара алады

Маусым айынан бастап 4 000-нан астам бала отандық үздік мультфильмдер мен көркем фильмдерді көріп үлгерді.
Нұр-Сұлтанда балалар кинокөрсетілімдерге тегін бара алады
22.06.2022 14:16 875

Жаз мезгілінің басынан бастап Роза Бағланова атындағы «Қазақконцерт» Мемлекеттік концерттік ұйымы «Жазғы кино» жобасын жүзеге асыруда. Оның аясында еліміздің барлық өңірлерінен келген балалар жаз айларында «Қазақстан» ОКЗ-да өтетін кинокөрсетілімдерге тегін бара алады, – деп хабарлайды El.kz.

Бұл туралы «Қазақконцерттің» баспасөз қызметі хабарлады. Жоба балаларды халқымыздың мәдени құндылықтарымен таныстыру, ішкі әлемдерін байыту және өскелең ұрпақтың рухани-адамгершілік дамуы мақсатында жүзеге асырылады.

Бұл жұмыс «Қазақфильм» АҚ және «Ұлттық киноны қолдау мемлекеттік орталығы» КЕАҚ бірлесіп, балалар жылы аясында жүзеге асырылып отыр.

Маусым айының басынан бері 4 000-нан астам бала отандық үздік мультфильмдер мен көркем фильмдерді көріп үлгерді.

Көрермендердің алдында жаңа қазақстандық кинофильмдер мен анимациялық фильмдер көрсетіледі. 24 маусым күні сағат 15:00 және 19:00 – де «Нартай» фильмі, 25 маусым күні сағат 12:00 және 18:00 - де «Ұлы дала таңы» фильмі, 27 маусым күні сағат 12:00 және 19: 00-де «Паралимпиадашы» фильмі көрсетіледі.

Кинокөрсетілімге 8 708 888 19 91 телефоны бойынша жазылуға болады.


Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға