Жаңалықтар

Мемлекеттік хатшы Сурдлимпиада ойындарына қатысқан Ұлттық құрама мүшелеріне құттықтау жеделхатын жолдады

Мемлекеттік хатшы Сурдлимпиада ойындарына қатысқан Ұлттық құрама мүшелеріне құттықтау жеделхатын жолдады
19.05.2022 15:23 1441

Ерлан Қарин спортшыларды XXIV жазғы Сурдлимпиада ойындарындағы жарқын жетістігімен құттықтады.

– Еліміздің ұлттық құрама командасы 3 алтын, 7 күміс, 18 қола медальға ие болды. Бұл – спортшылардың және жаттықтырушылардың табандылығы мен қажырлы еңбегінің жемісі. Сіздер Қазақстанның спорт саласындағы әлеуеті зор екенін тағы бір мәрте дәлелдедіңіздер. Дүбірлі додада көк туымызды биікте желбіреткен жеңімпаздарға шынайы ризашылығымды білдіремін. Болашақтағы байрақты бәсекелерде де халқымыздың абыройын асқақтата бересіздер деп сенемін, – делінген жеделхатта.

Сонымен қатар Мемлекеттік хатшы барша спортшыға бақ-береке, толағай табыс тіледі.

Фото: medium.com

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға