Жаңалықтар

Мемлекет басшысы осы аптада Ұлытау, Петербор, Тегеранға барады

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың осы аптадағы жұмыс кестесі жарияланды, деп хабарлайды El.kz Президенттің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Мемлекет басшысы осы аптада Ұлытау, Петербор, Тегеранға барады
Фото: Baq.kz 13.06.2022 11:57 947

Маусымның 16-ы күні Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев жаңадан құрылған Ұлытау облысының орталығында өтетін Ұлттық құрылтайдың бірінші отырысына қатысады. 

Маусымның 17-і күні Қасым-Жомарт Тоқаев Ресей Президенті Владимир Путиннің шақыруымен Петербор халықаралық экономикалық форумының 25-мерейтойлық жиынына қатысады. 

Мемлекет басшысы Форумның пленарлық отырысына қатысып, бірқатар екіжақты кездесу өткізеді деп жоспарланған.

19 маусымда Қазақстан Президенті Иран Ислам Республикасының Президенті Ибрахим Раисидің шақыруымен Иранға ресми сапармен барады.

Тегеранда жоғары деңгейде екіжақты кездесулер өткізу және бірқатар үкіметаралық құжатқа қол қою жоспарланып отыр.


Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға