Жаңалықтар

Мемлекет басшысы Еуропалық қайта құру және даму банкінің президентімен кездесті

Фото: Ақорда
Мемлекет басшысы Еуропалық қайта құру және даму банкінің президентімен кездесті
09.06.2022 12:47 1089

Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Шетелдік инвесторлар кеңесінің 34-отырысына қатысу үшін Қазақстанға келген Еуропалық қайта құру және даму банкінің президенті Одиль Рено-Бассомен кездесу өткізді, деп хабарлайды El.kz Ақорданың баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Кездесу барысында елімізде инфрақұрылым, транзиттік тасымал, экономиканы көміртегінен арылту, экономика және қаржы секторы салаларындағы бірқатар инвестициялық жобаны жүзеге асырудың перспективалары талқыланды. Сондай-ақ олар әлемдік экономиканы дамытудың өзекті мәселелері жөнінде пікір алмасты.

Одиль Рено-Бассо Қасым-Жомарт Тоқаевты жалпыұлттық референдумның сәтті өтуімен құттықтап, оның нәтижелері шетелдік инвесторлардың елімізге деген сенімін одан әрі нығайта түсетінін атап өтті. Сонымен қатар Қазақстан экономикасын дамытудың және елдің қаржы жүйесін нығайтудың перспективалары туралы көзқарасын білдірді.

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға