Жаңалықтар

Ұлытау облысында екі оқушы қыз суға батып кетті

Оқиға Ұлытау ауданындағы Ақтау ауылынан 20 шақырым жердегі су қоймасында болған.
Ұлытау облысында екі оқушы қыз суға батып кетті
Фото: sn.kz 22.06.2022 15:27 1039

Суға батып кеткен оқушы қыздардың мәйіті табылды, деп хабарлайды El.kz Қарағанды ​​облысы төтенше жағдайлар департаментінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

«20 маусым күні Жаңаарқа ауданында Ақтау ауылынан 20 шақырым жердегі су қоймасына 2009 және 2012 жылы туған екі қыз батып кетті. Киіммен табылған қыздардың мәйітін оқиға куәгерлері мен Төтенше жағдайлар департаментінің құтқарушылары судан шығарды», - делінген мәліметте.

Қайғылы оқиғаға қатысты облыстық полицияның баспасөз қызметі де түсініктеме берді.

«Бұл іс тіркелді. Қажетті сараптамалар тағайындалды. Оқиғаның мән-жайы анықталып жатыр», - делінген хабарламада.

21 маусым күні Төтенше жағдайлар министрлігінде өткен брифингте елімізде шомылу маусымы басталғалы бері суға батып, қайтыс болғандардың статистикасы жарияланған еді. Ведомствоның мәліметінше, бірінші маусымнан бері 36 адам суға кеткен, оның 19-ы балалар.

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға