Жаңалықтар

Ұлттық құрылтай тағдыршешті бағыттарды анықтап бермек – сарапшы

Ұлттық құрылтай тағдыршешті бағыттарды анықтап бермек – сарапшы
Фото: strategy2050.kz 15.06.2022 15:12 1694

Қолданбалы этносаяси зерттеулер институтының директоры, саясаттанушы Талғат Қалиевтің пікірінше, егемендігіне 30 жыл толған жас мемлекетіміз үшін Ұлттық құрылтай тағдыршешті бағыттарды анықтап бермек.

– Ұлттық құрылтай құрамына қоғамның әр саласының білгір мамандары жұмылдырылады. Соның арқасында еліміздің даму бағытына қатысты қоғамның әр мүшесінің пікірі ескеріледі. Рас, бізде Парламент бар, Үкімет бар, бірақ олардың өз алдына шаруасы көп. Ал Ұлттық құрылтай барша қазақстандықтарды бір мақсат-мүдденің астында жұмылдыратын болады,- дейді саясаттанушы Талғат Қалиев.

Президенттің пәрменімен құрылған Ұлттық құрылтайдан үміт көп, артылатын жүгі де ауыр. Жұмыстың нәтижесін уақыт көрсетеді дегенге саяды сарапшының пікірі.

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға