Жаңалықтар

Коронавирус. Әлемдегі ахуал

Ғалымдардың мәлімдеуінше, маймыл шешегі болжамдалған мерзімнен бұрын мутацияға ұшырады.
Коронавирус. Әлемдегі ахуал
28.06.2022 08:54 1579

2022 жылдың 27 маусымда әлемде COVID-19 коронавирусын жұқтырудың 549 060 530 жағдайы тіркелді, деп хабарлайды EL.KZ COVID-19 таралуына жол бермеу жөніндегі ВАК-қа сілтеме жасап.

Соңғы тәулікте жұқтырғандар саны 167 424 адамға өсті. Әлемде коронавирустық инфекциядан қайтыс болғандардың жалпы саны 6 351 017 адамды құрайды, сонымен қатар бүгінде 321 өлім тіркелді. Вирустың толық емделуінің расталған жағдайлары бүгін, яғни 27 маусым 2022 жылы әлем бойынша: 524 120 020 адам.

Францияда балалар арасында маймыл шешегінің алғашқы жағдайы тіркелді. Науқас бақылауға алынып, ем алуда, жағдайы қалыпты. Қазіргі уақытта баламен байланыста болғандар тізбегін анықтау үшін тиісті қызметтер жұмылдырылды. Агенттік науқас оқушының бауырлары да індетке шалдыққан болуы мүмкін деп мәлімдеді. Францияда бұған дейін маймыл шешегі тек ересектер арасында анықталған болатын. Денсаулық сақтау министрлігінің соңғы мәліметтері бойынша елде эпидемияны жұқтырудың 330 жағдайы расталды. 

Ғалымдардың мәлімдеуінше, маймыл шешегі болжамдалған мерзімнен бұрын мутацияға ұшырады. Әзірге белгісіз себептермен ол "жеделдетілген эволюция" кезеңінен өтті. Талдау көрсеткендей, вирустың құрамында 2018, 2019 жылдардағы үлгілерде болмаған 50 жаңа мутация бар. Соның салдарынан оның жұқпалылығы артты. 

Сондай-ақ маймыл шешегі сынды вирустардың мутациялануы әдетте жылына бір немесе екі реттен аспайды. Жаңадан жүргізілген зерттеу аясында ғалымдар шешек вирусының 15 сынамасын жинақтап, олардың генетикалық ақпаратын қалпына келтірді. Нәтижелер мутация жылдамдығы күтілгеннен 6-12 есе жоғары екенін көрсетті. Көптеген мутациялар вирустың адамның иммундық жүйесімен, атап айтқанда APOBEC3 вирусқа қарсы ферменттер тұқымдастарымен байланысы нәтижесінде пайда болды. Бұл ферменттер вирусқа шабуыл жасай отырып, генетикалық кодын көшіруде қателіктер жіберуге мәжбүрлейді. Әдетте бұдан кейін вирус жойылады, бірақ кейбір жағдайларда өзгеріске ұшырап, өмір сүруін жалғастырады. Ғалымдар вирустың ферменттермен "кездесулері" бірнеше рет өтті деп болжайды, бұл мутацияның өсуіне себеп болады. Олар сонымен қатар вирус 2018 жылдан бастап күрт өзгергенін атап өтті. Содан бері ол адамдар арасында айналымда жасырын таралған деп болжанады.

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға